Баланың бойын өсіру үшін...

Кез келген болашақ ана жүктілік кезеңінде күнделікті пайдаланатын тағам мөлшерін қадағалау керек екендігін жақсы біледі. Ана тұтынған әрбір азық-түлік баланың дамуына әсер етеді.

Исландия, Дания және Америка ғалымдары ана жатырындағы тұқымның түзілуіне әсер ететін әртүрлі тағамдарға зерттеу жүргізеді де, сүттің жаңа бір қырын анықтайды. Ғалымдар тобы бұл тағамды тұрақты түрде пайдаланған ананың сәбиі сау әрі бойы ұзын болады дегенді айтып отыр.

Тәжірибелік жұмыстардың алғашқы кезеңі 1980 жылдары жүргізілген екен. Осылайша мамандар дәл сол жылдары сүт ішкен және ішпеген аяғы ауыр әйелдердің балаларының бойларын өлшеген. Араға 20 жыл уақыт салып, ғалымдар дәл сол балалардың, яғни бүгінде орта жасқа келіп отырған тұрғындардың бойын тағы да өлшейді. Нәтижесінде, сүтті көп ішкен аналардың перзенттерінің бойы әлдеқайда ұзын екендігі байқалды. Сондай-ақ, сүтсүйгіш балалардың денсаулығы мықты болып, созылмалы аурларға және диабетке душар болмағандығы дәлелденіп отыр.

Ғалымдар жүкті әйелдерге бір тәулікте 150 мл. сүт ішуге кеңес береді.

 

Суреттер: tancor.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева