- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Баланы өздігінен тамақтануға...
Баланы өздігінен тамақтануға қалай дағыдыландыруға болады?
Бала дамуының жалпы кезеңдерінің қағидаларын ескере келе, ата-ана баланы өздігінен тамақтанумен таныстыруды бастауды жөн деп шешім қабылдайды. Алайда, көптеген жағдайларда, бала қасықты өзіне беруді талап етуі мүмкін, себебі ол әркүні үлкендер тамақтану кезінде бұл аспапты өздері қолданатынын бақылап жүреді.
Бала өздігінен ертерек қасықты ұстауға талпынса, өзі тамақтану үрдісі жылдамдай түседі.
Кейбір ата-аналар, балаларын айналадағы түрлі оқиғалардан қорғаштау мақсатымен, осындай «тәжірибелерді» жасамауды жөн көреді. Мұндай, мүлдем дұрыс емес әрекеттерімен, өздігінен тамақтануға басталған қадамды болдырмайды. Ал бала үлкейген сайын, баланы қасыққа үйрету қиындай түседі. Себебі ол аузына қасықты үлкендердің апарғанына әбден үйреніп алады.
Баланы өзі тамақтануға қалай үйретуге болады?
Бірінші, үлкендерге бәрі бірден ешкімде идеалды болмайтынын түсіну керек. Бұл бала сіз ұзақ уақыт пісіріп және суытқан ботқаны төгіп шашып отырса ашуланбаңыз дегеніміз. Ескере кетіңіз, мұндай жағыдайлар бірнеше рет қайталануы мүмкін, бұл қалыпты жағыдай. Қандай жағыдай болмасын, осындай әрекет жасалатын болса, балаға дауыс көтермеңіз. Баланы шошытып алуыңыз мүмкін, себебі ол өзінің талпыныстарына күмәнмен қарайтын болады.
Ең алғашында баланы қасықпен таныстыруды ойын түрде ұйымдастырсаңыз болады. Яғни, ойыншықты тамақтандырғандай болып, балаға қасықты ауызға апару қажеттігін түсіндіру.
Ең бірінші қасықпен таныстырған кезде, қасықтың пластмасса немесе силикон болғаны абзал. Осындай материалдан жасалған аспаптар тамақтану барысында ыңғайсыздық туғызбайды.
Егерде баланың қарны аш емес, алайда тамақтану уақыты келсе де оны тамақ ішуге мәжбүрлемеңіз. Әрине, тамақтану режимі – бұл өте жақсы, алайда өзіңіз тамақ ішкіңіз келмей тұрған сәтті ойлап көріңіз, ал егерде баланың шынымен де тамақ ішкісі келсе, ол міндетті түрде бұл туралы хабар береді.
Балаңыз өздігінен тамақтанғысы келмесе қапаланбаңыз, мүмкін сіз уақытты асықтырып жатқан боларсыз немесе оған біреудің тамақтандырғаны ұнайтын болар. Есіңізде болса, кез келген жағыдайда бала қасықты өзі сұрап және өздігінен тамақтануға үйренетін болады. Ал ата-ананың міндеті – баланың барлық алғашқы қадамдарына қолдау көрсету!
Дереккөз: tarbie.kz
А. Жапатова