Баланы басқа қалаға жіберуге бел будыңыз, бірақ өкінішке орай сізді де, жұбайыңызды да жұмыстан жібермейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Баланы жалғыз өзін немесе алып жүретін басқа адамдармен басқа қалаға жіберуге бола ма?
Егер баланы ұшақпен жіберсеңіз...
Жолаушыларды, багажды және жүкті ауа көлігінде тасымалдау ережелеріне сәйкес балалар ұшақта алып жүретін басқа адаммен де, ересек жолаушыларсыз өзі де ұша алады. Алып жүретін адам баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса, нотариуста расталған сенімхатты рәсімдеу қажет. Ішкі әуе жолдарында балалар 6 жастан 16 жасқа дейін ата-аналарсыз және ешкімге сеніп тапсырылмастан жіберіле алады. Ешкім алып жүрмейтін балаларды әуе компаниясы тасымалдауға тек ата-анасының (асырап алушылардың, қамқоршылардың) жазбаша өтінішінен кейін ғана қабылдай алады. Өтініште баланың ата-анасы баланы ешкімнің алып жүруінсіз жіберу айғағын растайды. 6 жасқа дейінгі балаларды тек кәмелетке толған жолаушылар ғана алып жүре алады.
Егер баланы пойызбен жіберсеңіз...
Ұшақтан айырмашылығы теміржол көлігінде 15 жасқа дейінгі балаларға алып жүретін адамсыз жүруге тыйым салынады. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау қол жүгі және теміржол қағидасына сәйкес баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасында немесе пойызға отыруда баланы алып жүру құқығы бар құжатты көрсетеді (нотариалды расталған сенімхат). ҚР шегінде ата-анасының бірінің ғана сенімхаты жеткілікті. Егер бала ата-анасының бірімен жол жүрсе, онда екінші ата-ананың сенімхаты талап етілмейді. 15 жастағы және одан үлкен балалар темір жол көлігінде ересектерсіз дербес жүре алады.
Дереккөз: egov.kz