- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балалармен бірге сабын...
Балалармен бірге сабын көпіршіктерін жасайық!
Түрлі түсті, жеңіл, ұшқыш, көңілді және мерекелік сабын көпіршіктерін балалардан бастап ересектерге дейін ұнатады. Балалардың ұшып бара жатырған көпіршіктерді қуып жетуге тырысқанын, олардың жарғандағы түрлерін көргенде, қуаныш үшін көп нәрсенің керек еместігін түсінеміз. Әрине, ең оңай әдіс – сабын көпіршіктерін дүкеннен сатып алу. Алайда, оны жасау арқылы өзіңізді сиқыршы сезінуге және балаңызды бұл қызықты іске араластыруға мүмкіндік бар.
Сабыннан жасалатын сабын көпіршіктері
Сабын мен судан жасалатын сабын көпіршіктері классика болып табылады. Ол үшін үккіштен өткізілген қарапайым кір сабын мен жылы қайнаған су қажет. Сабынға су құйып, толықтай ерігенше күтіңіз. Сабын көпіршіктеріне арналған ерітінді дайын!
Ыдыс жууға арналған сұйықтықтан жасалатын сабын көпіршіктері
Ыдыс күте тұрады. 1 стақан ыдыс жуатын сұйықтыққа 1 шай қасық қант пен 2 шай қасық глицерин қосып, араластырыңыз. Оған 1 стақан жылы қайнаған су құйыңыз. Ерітінді дайын!
Балалар сусабынынан жасалатын сабын көпіршіктері
100 мл балалар сусабынына 2 шай қасық қант және 2 стақан жылы су құйып, барлығын араластырыңыз.