- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балаларды дауыс көтеріп...
Балаларды дауыс көтеріп тәрбиелеу денсаулыққа зиян
Егер үнемі балаға айғайлай берсе, бұл оның денсаулығына кері әсер етеді. Тіпті оның арты күйзелістен семіруге алып келуі әбден мүмкін. Зерттеу қорытындысына сәйкес америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр.
Iowa Youth and Families Project зерттеу тобы эксперимент жүргізеді. Олар 12 жастағы 451 жасөспірім мен оның ата-аналарын 20 жасқа толғанға дейін бақылайды. Бұл орайда ғалымдар әр ата-анаға ұрып-соғу, мәжбүрлеу, тыйым салу, өзімшілдік немесе балаға дауыс көтеру сияқты көрсеткіштерді негізге алады. Сынақ соңында балалар толық тексеруден өтіп, Шофилд қатал тәрбие созылмалы күйзеліс ортаны қалыптастырады деген қорытындыға келген. Ғалымдар осы ретте қатал отбасындағы балалардан қабыну сырқаттарына тез шалдығу, жүрек-қан тамырлары белсенділігінің төмендеуі секілді ауытқуларды анықтаған.
С. Ерсін