Балалар да ересектер секілді косметикалық құралдарды қажет етеді: теріні ылғалдандыратын, қорғайтын, тазартатын және қоректендіретін құралдар. Балалар косметикасы ерекше талаптарға сай болуы керек. Әрине, біз тушь немесе далап жайлы айтып тұрған жоқпыз. Бүгінгі материалда балаларға арналған сабын, сусабын, крем және лосьондардың құрамында қандай заттар болмау керегі жайлы қарастырамыз.
Балаларға арналған косметикалық құралдар өндірісіне қойылатын талап қатаң. Балаңыздың косметикалық құралында болмауы керек химилиялық заттардың шағын тізімін ұсынамыз: содиум лаурет сульфат (SLS және SLES), формальдегид, парабендер, алюминий тұздары (аluminum, аluminum chlorohydrate және т.б), сульфаттар (лаурилсульфат аммония, лаурилсульфат натрия, лауретсульфат натрия), диэтаноламин (ДЭА, DEA), триэтаноламин (ТЭА, TEA), фосфаттар (phosphate) және беттік белсенді заттар анионы, пропиленгликоль (PPG), полиэтиленгликоль (ПЕГ, PEG), фталаттар (BBP, CMR, DBP, DEHP, DEP, DHP, DIDP және т.б), лорамид ди (lauramide dea), минералды май (техникалық, церезин), микрокристалды балауыз, диметикондар, петролаттар, петролатум, парафин, парафин майы, стеаралкониум-хлорид (stearalkonium chloride), триклозан хлорфенол (triclosan).
Сондай-ақ балалар косметикасында хош иістендіргіштер мен бояғыштар болмау керек. Косметикалық құралдардың қанық түсі немесе өткір иісі оның құрамына «артық» химиялық заттарды қолданғанын білдіруі мүмкін, бірақ барлық жағдайда емес. Сондықтан егер сондай белгілерін байқасаңыз, бірден сыртын оқып, құрамын мұқият зерттеңіз. Себебі бұл балаға аллергияның пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Әдетте, табиғи косметикалар түссіз және иісі өткір емес болады.
Балаларға арналған гигиеналық құралдардың құрамында міндетті түрде табиғи компоненттер болуы тиіс: өсімдіктер сығындылары (итошаған, түймедақ, қырмызыгүл, алоэ, жусан, бидай сабақтары), органикалық майлар (бадам, жожоба және ши ағашы) және дәрумендер (A, D, С, Е).