Балалар бөлмесінің қабырғасы қандай да бір уақыт бала әлемінің көркі болады. Заманауи әрлеу материалдары екі міндетті шешуге мүмкіндік береді: балалар бөлмесінің қабырғасын ашық етіп безендіру және оны қолайлы ету.
Бояғыш түсқағаз
Өсіп келе жатқан суретшінің бөлмесіне бояғыш түсқағаз жапсыруға болады. Оны бөлменің тек бір қабырғасына жапсырып, боялып болған кезде жаңасына ауыстыруға болады. Мұндай бояғыш түсқағазды бала жасына қарай таңдай аласыз.
Винилді жапсырма
Винилді жапсырма көмегімен қабырғаны безендіру баланың да, ата-ананың да көңілінен шығады. Мұндай жапсырмалар қымбат тұрмайды, олар қабырғада із қалдырмайды және оларды ауыстыруға болады. Жапсырмалар қабырғада ерекше әлем жасай алады: қабырғаға ағаштар мен гүлдер, түрлі аңдар, мультфильм кейіпкерлерін, сөздер мен сандар жапсыруға болады.
Суретті түсқағаз
Жоғары сапамен басылып шыққан суретті түсқағаз балалар бөлмесіне кез келген сюжет сыйлай алады. Бөлмеге баланың сүйікті кейіпкерлерін жапсыруға немесе оны ертегі стилінде жасауға болады. Дизайнерлер суретті түсқағазды тек бір қабырғаға жапсыруды ұсынады. Мысалы: кереуеттің артына.
Грифель қабырға
Еркін сурет салуға, өшіруге және қайтадан сурет салуға болатын түгел бір қабырға бала үшін ең керемет сыйлық болары анық. Баланың қолы жетпейтін қабырғаның үстіңгі жағына өзіңіз өшірілмейтін бірдеңе салып қоюыңызға болады. Ал астыңғы жағын бала өз еркімен пайдалана алады.