Балалар бөлмесі – сәби көп уақытын өткізетін орын. Сондықтан оның интерьеріне аса жауаптылықпен қарау қажет.
Нәресте өмірінің алғашқы жылдарындағы психологиялық, дене және ой қабілетінің дамуы өз бөлмесінен басталады. Яғни, ата-ананың міндеті - бала дамуына қажетті жағдай жасау. Ал мұндай қиын мәселеде мамандардың кеңесіне жүгінген дұрыс. Сонымен, балалар бөлмесі интреьерінде ескеру қажет жағдайлармен таныс болыңыздар.
Жиһаз
Балалар бөлмесіндегі жиһаз міндетті түрде көп функционалды, экологиялық таза, және қауіпсіз болуы шарт. Сонымен қатар, табиғи материалдан жасалған, үшкір ұшы жоқ, фурнитуралары мен өңделуі жоғары сапалы болғаны дұрыс. Балалар бөлмесіне ең ыңғайлысы – модульді жиһаз. Яғни, бөлме интерьері бөлек жиһаз модульдерінен құрастырылады. Және олар бала өскен сайын, жасына сәйкес басқасына оңай ауыстырылады.
Еден мен қабырға
Кішкентай кезінде бала көбіне еденде отырып ойнап, еңбектейді. Сондықтан, оның жылы және ыңғайлы болуын қадағалау қажет. Еден төсемін таңдағанда, осыған назар аударыңыз. Оған қоса, төсем аллергенді болмағаны дұрыс. Балалар бөлмесіне тым қымбат түсқағаз алудың қажеті жоқ. Бастысы, ол экологиялық таза болса, жеткілікті. Ал жасөспірім жастағы бала түсқағазды көбіне плакат және фотосуреттермен жабыстырып тастайды. Кішірек болса, оған суретті өзі салады.
Түс
Балалар бөлмесінің интерьеріне пастельді түстер таңдаған жөн. Ашық қанық түстер тек акцент ретінде ғана орынды болуы мүмкін. Бөлме интерьері бала мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, оған өз бөлмесі тек қуаныш пен қауіпсіздік сезімін ұялатуы қажет. Кішкентайынан қуанышты, жылы, көңілді атмосферада өскен бала жұмсақ мінезді болады.
Суреттер artleo.com сайтынан алынған