Бала бақыт, бала қуаныш, бала жүрегіңіздің жартысы мен жан жүрегіңіз. Балаға мейірімді болудың ешқандай да зияны жоқ қайта балаңыз өскенде, өз айналасына үнемі жаны ашып жүретін, үлкен тұлға болып өседі.
Сіздер балаға қалай мейірімді болуды ойлайтын боларсыздар, ендеше төмендегі кеңеске құлақ асыңыз.
- Балаңызды құшақтап жан бауырыңызға құшақтап қысыңыз.
- Қатты айғайлап ұрсушы болмаңыз өскенде жасқаншақ болып өседі.
- Бетінен ұрушы болмаңыздар мұның жарасы өте ауыр кейбір балалар ешқашанда ұмытпайды.Кек алуға дейін барады өскен кезде.
- Үнемі жақсы сөздер айтыңыз.
- Өзгелердің көзінше айғайлап ұрыспаңыз.Өзін үнемі төмен санауы мүмкін.
- Жанын ауыртатын мазалайтын сұрақтармен мазаламаңыз.
- Өзі қалаған мамандықты игерсін.
- Балаңызға әкесін жамандамаңыз.
- Балаңызды өзіңізге жақын тартып, әңгіме дүкен құрыңыздар.
- Балаңызды өзге құрбыларыңызға немесе, туыстарыңызға жамандаушы болмаңыз.Олардың балаңызға деген,қарым-қатынасы өзгере бастайды.
- Табиғат аясына көбірек шығыңыздар.
- Балаңызды үй шаруасына көмектесуге үйретіңіз.
- Балаңызға тосын сыйлар жасап тұрыңыз.Өйткені баланың мәңгілік есінде қалады.
- Балаларыңыздың көзінше айғайлап ұрсушы болмаңыз.
- Балаңыз өтпелі кезеңде болса, әсіресе мінез ерекшеліктеріне үлкен көңіл бөліңіз.
- Махаббат тақырыбында әңгіме бастаса өз ақыл кеңесіңізді беріңіз.
- Ашуына тиетін сөздерді айтпаңыз.
- Сіз балаңызға айнасыз,балаңыз сіздің ісіңізді қайталаушы ғана.
- Жақсы ана болсаңыз, балаңыз да жақсы болады.
Дереккөз: anabol.kz