- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балаға қол жууды...
Балаға қол жууды қалай үйретеміз?
Барлық бала суды жақсы көреді. Бірақ таңертең жуынуға немесе даладан келгеннен кейін қол жууға келгенде бала құлшынысы жағалып кетеді. Ол жуынуды жақсы көруі үшін не істеу керек?
1. Балаға былғануға мүмкіндік беріңіз
Балаңызды бұл балалық бақыттан айырмаңыз. Тек алдын ала келісіп алыңыз: көңіл көтеру, құмда ойнау, бояуларды езуден кейін міндетті түрде жуыну керек. Бала былғанып ойнағаннан кейін тазалық сезімінен рахат алуды жақсырақ сезінуі мүмкін.
2. Оған лас киімі үшін ұрыспаңыз
Баламен сөйлесу кезінде нақты анықтамалар қолдану маңызды. Баланың ластану қабілеті сізді қанша шаршатса да, «сен лассың!» деп айтудың орнына «бұл кір (ластық, балшық, лай)» деумен шектеліңіз. Бала лас қол, киім және өзінің тұлғалығының арасындағы нақты айырмашылықты көрмейді. Егер оған үнемі «үсті-басың лас және салақ баласың» деп айта берсеңіз, ол оған сеніп, түбінде өзін сәйкесінше ұстайтын болады.
3. Дербестігін қолдаңыз
Бала үшін суға түсу — ойнауға тағы бір мүмкіндік. Балаға суда ойыншықтарымен отыруға, сабын көбігінен бірдеңелер жасауға, су шашатын ыдыспен ойнауға мүмкіндік беріңіз. Бірақ оны біртіндеп өздігінен жуынуға да үйретіңіз. Мысалы, өзі сорғышты сабынбен көпіртсін, сорғышпен денесін сүртсін және шаштарын суласын. Бастысы, әрдайым қасында болыңыз: оны жуынатын бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз.
4. Гигиенаны пайдалы әдетке айналдырыңыз
Тазалық баланы этикет ережелеріне үйрету кезінде арқау бола алады: дастарханға отырмас бұрын қолымызды жуамыз, тамақты қолмен емес, шанышқымен жейміз. Акцентті дұрыс қойыңыз. Ластықты балаға ұнамайтын жағымсыз нәрсемен байланыстырмаңыз: «қолың кір және ол микробтарға толы». Оның орнына бала санасында тазалық кейпін денсаулықпен, жақсы көңіл күймен және басқа да қуаныш сыйлайтын нәрселермен байланыстырыңыз.