Балаға қалаған затын сұраған кезінде бірден сатып әпере салудың дұрыс еместігін мойындайық. Мұндайда ол ақша мен сол заттың қадірін жете түсінбейтін болады. Біз сіздерге сол үшін анасы мен баласының екі түрлі диалогын ұсынамыз. Бірінші диалогта олардың әңгімесі ұзаққа созылғанымен, берер нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай.
I диалог
Баласы: Анашым, маған Х-ВОХ (ойын аппараты) сатып әперші.
Анасы: Не үшін?
Баласы: Ойнаймын! Онымен ойнаған өте қызықты! Ол өзі қозғалады.
Анасы: Неге сенде ол бұрыннан бері жоқ?
Баласы: Өйткені сен маған оны сатып әпермей жүрсің!
Анасы: Ал мен оны неге саған сатып әпермей жүрмін?
Баласы: Өйткені сенің оған ақшаң жоқ...
Анасы: Мүлде жоқ па?
Баласы: Бар, бірақ сен оны ойын аппаратына жаратпайсың.
Анасы: Неге?
Баласы: Себебі сен ақшаңды басқа заттарға жұмсайсың.
Анасы: Қандай заттарға?
Баласы: Бізге ең керекті дүниелерге шығар...
Анасы: Онда бұл жағдайды қалай өзгетуге болады?
Баласы: Ол үшін біз ақшаны аз жаратуымыз керек пе?
Анасы: Сен Х-ВОХ үшін неден бас тартар едің?
Баласы: Кино мен кәмпиттерден!
Анасы: Сол арқылы сен айына қанша теңге үнемдейтініңізді санай аласың ба?
Баласы: Мың теңгедей.
Анасы: Соны жинасаң, Х-ВОХ үшін қанша ай кино мен кәмпиттен бас тарта аласың?
Баласы: Жарты жыл.
Анасы: Жарты жыл бойы кино мен кәмпитсіз жүре аласың ба?
Баласы: Жоқ!
Анасы: Сенде басқа идея бар ма?
Баласы: Онда мен жұмыс істейін.
Анасы: Сен 11 жастасың ғой, сені кім жұмысқа алады? Саған кім ақша төлейді?
Баласы: Білмеймін...
Анасы: Білмесең, қалай ақша табудың жолынан хабарсыз болсаң, өз мақсатыңа жету үшін тағы не ұсынасың?
Баласы: Онда саған көбірек ақша табу керек.
Анасы: Дұрыс! Маған айтшы, көп ақша табуым үшін не істеуім керек?
Баласы: Көбірек жұмыс жасауың керек.
Анасы: Ал мен бұған уақытты қайдан табамын?
Баласы: Ол үшін бір-екі жұмысыңды істемеуіңе тура келеді.
Анасы: Мысалы? Тамақ жемеу, ұйықтамау және демалмау қолымнан келмейді. Менің уақытым бұдан басқа қандай істерге кетіп жатыр деп ойлайсың?
Баласы: Сен дүкенге барасың, тамақ жасайсың және ыдыс-аяқ жуасың.
Анасы: Тағы?
Баласы: Үй тазалайсың.
Анасы: Егер мен осы жұмыстардан бас тартар болсам, мен үшін мұны кім жасайды?
Баласы: Мен! Мен үйді де жинай аламын, ыдысты да таза жуамын.
Анасы: Керемет! Мен ыдыс-аяқ жуатын автомат сатып алуды ойлап жүрген едім. Оның бағасы Х-ВОХ-тың бағасымен бірдей. Ал егер сен ыдыс-аяқ жуам десең, автомат алып қайтемін? Егер мен саған Х-ВОХ сатып әперсем, сен шынымен күн сайын ыдыс жумақпысың?
Баласы: Әрине!
Анасы: Сен ыдыс-аяқ жуғыш автомат алғанша жарты жыл бойы ыдыс-аяқ жууға дайынсың ба?
Баласы: Дайынмын!
Анасы: Мен саған Х-ВОХ әперген соң сен біздің келісімімізді бұзып, уәдеңде тұрмай, ыдыс жумай қойсаң қайтеміз?
Баласы: Егер сен маған Х-ВОХ әперсең, уәдемде тұрамын!
Анасы: Ыдысты бір-екі рет жуған соң, жалығып кетпейсің бе? Бір күні Х-ВОХ-тен де жалығасың. Сол кезде ыдыс та жуғың келмей қалатын шығар? Сонда мен ақшасыз, ыдыс-аяқ жуғыш автоматсыз және таза ыдыстарымсыз қалмаймын ма? Осындай жағдай болса мен өзімді қалай сезінемін. Менің орнымда болсаң қалай ойлар едің?
Балсы: Мені алдаған екен деп ойлар едім.
Анасы: Бұдан кейін сен сондай өтірікшіге тағы да сенім артар ма едің?
Баласы: Жоқ.
Анасы: Сен Х-ВОХ-тан басқа да нәрсені кейін әперуімді сұрайсың ғой?
Баласы: Әрине!
Анасы: Демек сен Х-ВОХ алған соң осы келісімшартты бұзған жағдайда, мен бұдан кейінгі уақыттарда сенің бірде-бір айтқаныңды орындамай қоятынымды жақсы түсініп тұрсың ғой?
Баласы: Әрине!
Анасы: Саған келісімшартты бұзуға не әсер етуі мүмкін деп ойлайсың?
Баласы: Мен қатты шаршап қалатын шығармын...
Анасы: Бұл қиындықтан шығу үшін не ұсынасың?
Баласы: Онда мен үшін ыдыс-аяқ жуудан босайтын күн жексенбі болсын!
Анасы: Жарайды. Келістік!
Баласы: О, келістік!
II диалог
Баласы: Анашым, мен Х-ВОХ сатып алғым келеді!
Анасы: Жарайды, әперейін! Бірақ сен оның орнына сенбі мен жексенбіні қоспағанда бір жыл бойы ыдыс-аяқ жуатын боласың. Ал егер жуғың келмесе, мен саған бұдан кейін ештеңе сатып әпермейтін боламын!
Қарап тұрсақ, екеуі де бір келісім. Бірақ нәтижесі әртүрлі. Екінші диалогта бала анасының талабымен ғана ыдыс-аяқ жууға мәжбүр болса, бірінші диалогта бала осы жолды өзі таңдайды. Әрине, ол үшін бірнеше ми ширататын сұрақ қойылды. Есесіне бұл бала үнемі жауапкершілікті сезінетін болады. Өйткені ол өзінің көздеген мақсатына жету жолында бірнеше қиындық пен проблемалар кездесетіндігіне көзі жетті. Сонымен қатар ол кез келген дүниенің аспаннан жауа салмайтынын және кез келген заттың ата-анасының адал еңбегімен келетінін түсінді. Мұндай балалар ақшаның қадірін жақсы біледі және адал еңбекпен тер төгіп, діттеген мақсатыңа жетудің қиын болса да рахат іс екендігін сезінеді.