Баладан тәлім алудың қандай маңыздылығы бар екенін білесіз бе? Балаға жақын жүретін жандардың мінезіне бір үңіліп көріңізші.
* * * *
Ауыр жарақат салмайтын құлау әдісі.
* * * *
Ойында не болса, соны айту..
* * * *
Діттеген мақсатқа бар күш-жігер мен табандылық арқылы жету. Егер кішкентай балаға шешесінің сырғасы керек болса, шыңғырып жылап жатып болса да, көздегеніне жетеді.
* * * *
Жатып ала қоймай, тырысып болса да қозғалысқа дайындық жасау. Бала алты жасында әр күні жүгіруде, өтуде, жер бауырлауда 8 шақырымды артта қалдыратын болып шықты. Өз көрсеткішіңізбен салыстырыңыз.
* * * *
Жұғымдылық және жаңа дос таба қою көңіл-күйі.
* * * *
Сұрақ қойып, оған жауап алуға ынтықтық. Адам он жасында әр екі сағат сайын бір жаңа сөз естіп отырады. Ал сіз неңізбен мақтанасыз?
* * * *
Туған күнді ішімдіксіз өткізу әдісі. (балалар туған күнінен туған ой).
* * * *
Шыдамдылық. Бір-бірлерімен ойнап кету жарасымдылығы.
* * * *
Стрестен арыла алу әдісі. Жарты сағат бұрын шапалақпен тартып жіберге бала енді теледидар алдында "Том және Джерриді" көріп жатыр.
* * * *
Киім брендтеріне немқұрайлылық.
* * * *
Ата-ананы сыйлауы.
* * * *
Ержүректілік. Тәжірибесі болмағанына қарамастан, кез келген бала ерлікке баруға құштар.
* * * *
Өз денесіне мін тақпауы.
* * * *
Қиял еркіндігі мен фантазиясы. Тіс пастасының сықпасын ұшақ, сосын қару, сосын көлік, ал сосын беймәлім зат деп ойлап көріп пе едіңіз?
сурет:www.kakprosto.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек