Бала тәрбиесі: тибеттіктер көзімен

Бала тәрбиесі: тибеттіктер көзімен
Фото: massaget.kz

Балаға ешқандай күш көрсету(ұрып-соғу) болмасын. Балаға қол көтерудің бірден-бір себебі, бала дәл солай жауап бере алмайды.

Бірінші кезең бес жасқа дейін. Бұл кезеңде балаға «хан» секілді құрметпен қарау керек. Ешнәрсеге тиым салуға болмайды. Егер қауіпті бір нәрсе жасағалы жатса, қорыққан адамның түрмен әр-түрлі дауыс шығару арқылы көңілін бөлген жөн. Бала мұндай тілді жақсы түсінеді. Дәл осы шақта баланың айналасындағы әлемге қызығушылығы өте жоғары болады. Бала бұл кезде тізбектелген логикалық іс-әрекеттердің мәнін түсіне бермейді. Мысалы, ол бір қымбат затты сындырып қойды делік. Ол бұл затты сатып алу үшін көп еңбек етіп, ақша табу керек екендігін біле бермейді. Жазалауды күші басым адамның айтқаны дұрыс болады екен деп түсінеді. Сіз балаға заттарға ұқыпты қарауға емес күші басым адамға бағынуды үйретесіз. Сізге осы керек пе?

Екінші кезең бес пен он жас аралығы. Бұл аралықта баланы «құлша» жұмсау керек. Баланың алдына әр түрлі міндеттер қойып және оның орындалуын қадағалауыңыз керек. Орындалмаған міндеттері үшін жазалауға болады бірақ, күш қолданусыз. Бұл кезеңде баланың ойлау қабілеті өте белсенді дамиды. Бала өзінің іс-әрекетіне айналасындағылардың қалай баға беретінін болжап, өзіне жақсы пікір қалыптастырып жаман қылықтардан бойын алыс ұстауды білу керек. Осы уақытта баланың білімге құштарлығын арттыру үшін көптеген тапсырмалармен жүктеуден қорықпаңыз.

Үшінші кезең он жас пен он бес жас аралғы. Бұл кезеңде баланы қалай тәрбиелеу керек? Қалай сөйлесу керек? Өзіңіз бен тең адамдай. Жай ғана тең адамдай емес кәдімгі өзіңіздің құрдасыңыз секілді. Бәрібір де сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен біліміңіз көптеу. Балаңызбен барлық маңызды мәселелермен кеңесіңіз, жеке өзінің көз қарасын білдірген жағдайда мадақтап, қолдап отырыңыз. Өзіңіздің қалауыңызды әңгіме барысында бірден білдірмей кеңестермен, мысалдармен айтып жеткізіңіз. Егер сізге бір нәрсе ұнамаса, сол нәрсенің жаман жақтарына көңілін бұруға тырысыңыз. Бірден  үзілді-кесілді тыйым салмаңыз. Дәл осы кезеңде баланың жеке көзқарасы және  дербес ойлау қабілеті қалыптасады.

Соңғы кезең он бес жастан басталады. Балаңызға құрметпен қараңыз. Тәрбиелеуге енді кеш, сізге тек өз еңбегіңіздің жемісін көру ғана қалды.

Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда қандай қиындықтарға әкеліп соғады?

Егер балаға бес жасқа дейін жекіп дөрекілік көрсетсеңіз, онда баланың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын, ой өрісін басып тастайсыз. Оны тек қара күшке ойланбай ақ бағынуды үйретесіз. Осылай баланы әр түрлі оңбағандардың оңай олжасына айналдырасыз.

Егер бес жастан кейінде баланы еркелетіп басыңызға көтеретін болсаңыз ол бейқам, ұшқалақ, еңбекке құлықсыз рухани таяз адам болып өседі.

Егерде он жастан кейінде оны кішкентай сәби секілді әлпештейтін болсаңыз, ол өзіне сенімсіздікпен қарап, өзінен әлде қайда сенімді достарына тәуелді болып өседі. Бірақ олар керек кезде оның қасынан табылмай қалуыда мүмкін.

Егер он бес жастан кейін оған құрмет танытпасаңыз, ол сізге  мұны кешірмейді және де бір күндері сәті түскен кезде үйіңізден бір жолата кетіп қалады.

erketai.org

@. @assel_assanova