- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бала ашықса, кім...
Бала ашықса, кім кінәлі?
- Бала ашықса, кім кінәлі? – депті қарт.
- Ата, бала ашықса, анасы кінәлі, - депті жігіт.
- Жоқ балам, бала ашықса, анаға қарайды, ана ашықса, әкеге қарайды, әке ашықса, кім-көрінгенге жалтақтайды. Есіңде болсын, ақылды әке – ананың қамын ойлайды, ақылсыз әке өз басының қамын ойлайды. Қарны тоқ баланың қайғысы жоқ. Әкесі жоқ баланың қайғысы көп. Өз баласының келешегін ақымақ әке ойламайды. Әке жақсы болса – ананың көңілі өседі. Баланың бойы мен ой қатар өседі. Өмірде бала ашықса, әке кінәлі. Баланы асырау – әкеге парыз, ашыққанға ақыл айтпа дейді атаң қазақ, – депті қария.
Көкейге қонар көненің сөзі бүгінгі әке болар жігіттің көңілінде жүрсін. Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманда баланың аш қалуын тек қана әкенің емес, бүкіл қоғамның, қатігез қоғамның, мейірімі азайып, махаббаты жоғалған қоғамның кінәсі деуге де болады. Баланың нағыз аштығы оның қарнының тоқтығы емес, алған тәрбиенің жетесіздігі мен білімінің таяздығын да жатыр. Бастамашы ата-ана, қамқоршы ұстаз да «аш» баланың кінәсін ортақ мойындауы керек.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: goo.kz
M. Auelkhan