Ересектер үшін оңай болып саналатын заттар балаларға әл келмейтін тапсырма секілді көрінеді. Ата-ана баласының "б" мен "д" әрпін қалай ажырата алмайтындығын түсінбей, күйгелектенуі мүмкін. Бірақ барынша сабырлы болып, әріптерді жаттатудың түрлі әдісін пайдаланып көріңіз.
Әріпті жанасу арқылы жаттау
Бала әріптерді түсіну үшін әр әріпті қолымен сезуі керек. Оның үстіне әр бала әртүрлі екенін, олардың заттарды ұғыну кезінде әртүрлі әдіспен қабылдайтынын білеміз. Кей балалар жанасу арқылы қандай да бір нәрсені тез түсініп, жылдам жаттап алады. Әріптерді жанасу арқылы жаттату үшін мына әдістерді қолданып көріңіз:
- Әріптерді пластилиннен жасау;
- Қағаздан қию;
- Сымнан жасау;
- Құмға сурет салу;
- Бормен салу;
- Ақ параққа қылқаламмен салу;
- Әріп пішінді печенье жасау;
- Бұршақ немесе үрмебұршақтан әріптер құру;
- Әріптерді есептік таяқшалар немесе басқа да элементтер арқылы салу;
- Бір элементін өзгерту арқылы бір әріпті басқаға айналдыру;
- Әріптерді ауаға салу;
- Қолға (аяққа) немесе ауаға салынған әріпті табу;
- Әріптерді айналадан іздеу (көшеден, дүкеннен...);
- Қаптағы әріптердің ішінен көзді жұмған күйінде бәрін ұстап көріп қажетті әріпті табу;
Жоғарыда айтылған әдістерді барлық әріпке емес, баланың қиналатын немесе шатастыратын әріптеріне ғана қолдануға болады.
Монтессори жүйесі: баланы үйден жаттықтыру
Көру арқылы қабылдауын дамыту
Баланың көру арқылы қабылдауын арттыру үшін мына ойындарды пайдаланыңыз:
- Суреттен тапсырылған затты табу;
- Анықтамасы бойынша затты табу;
- Затты көлеңкесі бойынша табу;
- Аяқталмаған суретті тауып, оны аяқтау;
- Бөліктерге бөлінген суреттерден бір тұтас затты құрау;
- "Суретке жетіспейтін затты табу", "қатені табу", "айырмашылығын табу" ойындарын ойнау;
- "Алып пен гном" ойынын ойнау. Алыпқа үлкен заттары бар суреттерді, ал гномға кішкентай заттары бар суреттерді жинауы керек;
Энергетикалық тонусын арттыру
Ол үшін жалпы ұсыныстарды сақтау керек:
- Күн тәртібі;
- Далада уақытылы серуендеу және спортпен айналысу;
- Шынықтыру;
- Массаж;
- Газдалмаған таза суды көбірек ішу;
- Ыңғайлы әрі дұрыс жарықталған жұмыс орнын дайындап беру және бөлмені жиі желдету;
- Тамақтану тәртібін сақтау және сапасына мән беру;
- Дәрігердің кеңесімен дәруменді қосымша ішу;
- Тәулігіне 9-10 сағаттан аз ұйықтамау;
- Қозғалысы көп ойындар және гаджеттердің орнына ережесі бар ойындар ойнау.
Балаға бір орында отырып, біраз уақыт зейінін бір нәрсеге ғана қою қиын екенін ұмытпаңыз. Сондықтан әріптерді жаттатамын деп оны бірден жалықтырып алмаңыз. Арасында қозғалмалы ойындар ұсыныңыз немесе бірге дүкенге барып келіңіз.