- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бала: Анадан артық...
Бала: Анадан артық жан жоқ
Адам өмірде бірнеше күн бойы жолы болмай, еш ісі алға баспай, қолға алған шаруасы түгел кері кетіп, бәрінен безініп кететін кезі болады. Өзін сәтсіздікке ұшыраған, өмірдегі ең жолы бомлайтын жандай сезініп, өзін өзі бағалауы тым төмендеп кетеді.
Мұндай сәтте аналар қандай болса да, шашы таралмаған, киімі реттелмеген босла да сүйсіне қарайтын, қандай жағдай босла да оған арқа сүйеп, сенім артатын бір жан бар. Ол – балалары. Аналарға балалар көзімен қарап көрейік.
– Ол білетін адамдар ішіндегі ең ақылдысы – сіз. Балаларыңыз үшін сіздің білмейтін нәрсеңіз жоқ. Әрине, балалардың бұл ойы уақыт өте келе өзгереді. Бірақ бәрібір қандай жағдай болса да сіздің ой-пікіріңізбен санасады.
– Сіз өте сұлусыз. Балалар анасының шашын тарағанды, бетін бояғанды жақсы көреді. Сіз қандай болып жүрсеңізде олар үшін сізден көрікті жан жоқ.
– Сіз ең үздік аспазсыз. Балаларыңыз үшін таңғы, түскі, кешкі ас, тіпті бесіндік, тіскебасар дайындайсыз. Мұның барлығы да дәмі тіл үйірерлік болады. Әр бала ең қымбат мейрамханадан ең шебер аспаз даярлаған ас ішсе де, оны өз анасы әзірлеген ақ ботқадан артық санамайды.
– Сіздің қолыңыздан келмейтін іс жоқ. Балаларыңыздың көзінде сіз барлығына үнемі көмектесіп, барлық жағдайын жасайсыз. Ол ұйықтарда періштедей ән салып бересіз. Оның ойынша, сізден артық адам болмайды. Барлық бала өскенде ата-анасындай болуды армандайды.
– Сіз ертегіні барлығынан жақсы айтасыз. Кітапты жақсы оқитын анадан асқан жан жоқ. Тіпті әкесі де сіз секілді жақсы оқи алмайды.
– Балаңыз тіліңізді алмай, өз дегенімен кеткен кезде жолы болмай қалатынына үнемі көз жеткізіп келеді.
– Сіз бір рет сүйсеңіз, оның ауырған жері жазылып кетеді. Ойнап жүріп, сұрініп, тізе қанап кеткенде, саусақ тілініп кеткенде, аяқ көгеріп қалғанда, тіпті, жай ғана ренжіп қалғанда бір рет сүйіп емдейтін анадан артық жан жоқ.
– Сіз оған үнемі дұрыс бағыт сілтейсіз. Тұлға боп қалыптасуына себепкер боласыз. Балаларыңызды тура өзіңіз қалағандай адам ете алмасаңыз да, бәрібір тәрбиелеуде өзіңіз үлгі боласыз. Оның болашағына ықпал етесіз.
@. @assel_assanova