Қоғамда «жұп үйленгенге дейін ғана бақытты, сол кезде ғана бір-бірін сыйлайды, отбасылы болғаннан кейін бәрі өзгереді» деген пікір бар. Расында, қарым-қатынасқа күтім жасамаса, ол бұзылады.
Психология, отбасы қарым-қатынасы бойынша психологтар бақытты сақтап қалу үшін қандай қағидаларды ескеру керектігін анықтады:
Басы
5. Жылы сөздер
Бір-біріңізге «мен сені сүйемін» деген сөзді жиі айтасыз ба? Бір қарағанда, айтуға тұрмайтын, онсыз да белгілі нәрсе секілді көрінеді. Алайда шаңырақтың шайқалмауына тікелей әсерін тигізетін басты факторлардың бірі - осы. Күнделікті қарбалас өмір адамды шаршатып, көңіл-күйіне әсер етеді. Ал сүйіктіңнің айтқан жылы сөздері осындай жағымсыз сәттерде көңілді көтеріңкі, жайдары ұстауға септігін тигізеді.
6. Ұрысып қалған кезде
Кез келген отбасында ұрыс-керіс болуы мүмкін. Сыңарыңызға ренжіп тұрсаңыз да, жатар алдында «қайырлы түн» айтқаныңыз абзал. Әрине, ондай кезде намыс жібермей, «өзі бірінші сөйлесін» деген оймен үндемей жүруді жөн көруіңіз мүмкін. Алайда ең бастысы «кім жеңеді?» емес, отбасының бақыты мен берекесі. Ал екі ауыз сөздің өзі оған біраз ой салып, сабасына түсіруі әбден мүмкін.
7. Қызығушылық танытыңыз
Жұмыс күнінде сүйіктіңізге телефон шалуға бірнеше минут табуыңызға болады. «Күнің қалай өтуде?», «бәрі жақсы ма?» деп сұрап, қызығушылық танытыңыз. Кейбір адамдар мұндай сұрақтарды ұнатпайды. Мұндай жағдайда кешкі уақытта шын ниетпен күні қалай өткенін, не жаңалықтар болып жатқанын сұрап қойыңыз. Ал егер сіз назардан тыс қалып жатсаңыз, міндетті түрде осы әдісті пайдаланыңыз. Себебі ештеңе тегін келмейді...
8. Оны мақтан тұтыңыз
Бақытты жұп жұртқа өзінің махаббатын, бақытты екенін көрсетуге ынтық. Олар қол ұстасып, бір-бірінен ажырамауға тырысады. Бұл дегеніміз жұрттың алдында құшақтасып, сезімін паш ету емес, бар болғаны өзі бақытты, қуанышты болғандықтан, ішіне сыймай бара жатқан сезімімен бөлісу.
Бақытты болу оңай, жеңіл дүние емес екенін түсіну керек. «Біз бақытты бола алмаймыз» деп қолды бір сілтеу үлкен қателік. Үлкен әрі берік махаббат жылдар бойы қалыптасады. Махаббаттың кезеңдері жайлы мына сілтемеге өтіп, толығырақ таныса аласыз.
Бақытты болыңыз!
Сурет: ©Диана Ким
Оқи отырыңыз:
Бақытты жұп болу оңай ма?
Махаббатым ертегідей болсын десеңіз... #2
Махаббатым ертегідегідей болсын десеңіз...
Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?