Айырмашылық қызығуды тудыруы мүмкін, «Егер ерлер мен әйелдердің ортасында сірә қандай немесе қанша айырмашылықтар болса ең көңілге қонымды болады?» деген сауал төңірегінде тілшілер қытайдың Су Джоу қалалық орталық психологтар бас кеңесші маманынан бұл туралы сұраған-ды. Сұқбатта қол жеткізілген мәліметтер мен АҚШ және т.б елдердің зерттеу нәтижелерін біріктіру арқылы бұл сұраққа жауап іздеушілер мынадай қорытындыға келген.
Бой биіктігінің айырмашылығы: 12 см биік айырмашылық болуы керек. Зерттеу нәтижесі бойынша әйелдердің ерлерге ең үйлесімді бойының биіктігі 12 сантиметр болған. Бұл айырмашылық қол ұстасып жүру, құшақтасу, сүйісу сынды дене әрекеттеріне ең үйлесімді айырмашылық болып есептелінеді екен.
Жас айырмашылығы: Үш жастық жетілу айырмашылығы. Әйелдер ерлерге қарағанда физиологиялық және ішкі күй жағынан ерте жетіледі. Сондықтан, психикалық жас мөлшерін тең деңгейге келтіру үшін ерлер өзінен үш жас кіші әйелдермен үйленсе ең үйлесімді болады екен.
Кеңістік айырмашылығы: Екі кесенің ортасындағы қашықтық. Бұл ер мен әйелдің екеуара ара қашықтығы мен олардың ата-аналарының да ара қашықтығын белгілеп жатады. Үйленген ер мен әйелдің ата-аналары олармен бірге тұрмауы керек, бірақ өзара бір-бірлеріне қамқор болу үшін, бір-бірлеріне жақын ауданда тұрса жеткілікті. Ең үйлесімді аралық бір кесе сорпаны көтеріп шал-кемпірдің үйіне барғанша шыныдағы сорпа суып қалмауы керек.
Жалақы айырмашылығы: Бір есе жалақы айырмашылығы. Зерттеу нәтижесі бойынша Азия халықтарының отбасыларында ерлердің жалақысы әйелдерінікінен екі есе жоғары болғанда ғана отбасының экономикалық жағдайы қалыпты болып есептелінеді екен. Егер осы айырмашылық сақталса ер мен әйел ортасында ақша туралы талас-тартыстар да азая түседі екен.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: sina.com.cn