Азық-түлікті тоңызытқышсыз сақтау

Демалыс кезінде немесе күтпеген жерден тоңазытқыш жоқ болып қалатын кездер болады. Бірақ тоңазытқышқа салынбаса бұзылып кетеді деген азық-түліктердің өзін біраз уақытқа дейін сақтап тұруға мүмкіндік бар.

Сүт өнімдері

Сарымайды кішкентай құтыға тығыздап салып, бетін жауып, үстінен суық тұзды су құйыңыз және оны күнде ауыстырып отырыңыз. Сүт өнімдерін бір ыдысқа құйып, суық суға толы одан да үлкен ыдысқа салып қоюға болады. Азық-түлікті матамен орап, матаның шетін суық суға салып қою керек. Су буға айналып, төменгі температураны сақтап тұрады. Бұл өз кезегінде азық-түліктің бүлінуінің алдын алады.

Балық

Жас балықты ұзағырақ сақтау үшін ішек-қарнын аршып тазалап, желбезектерін алып тастау керек. Балықты құрғатып сүртіп, құрсақ қуысын тұздап, майлық немесе дәретхана қағазына төсеп қою керек. Бұдан кейін әр балықты құрғақ таза қағазға орап қояды. Егер шаянды ұзағырақ сақтау керек болса, онда оны суға пісіріп, шыны құтыға салып, үстінен суық тұзды су құйып қояды (1 литр қайнатылған суға 1 үлкен қасық ас тұзы).

Көкөністер

Көкөністер көбіне дымқылданудың себебінен бұзылады, сондықтан оларды сақтайтын болсаңыз жумағаныңыз жөн және қағазға орап қою дұрыс болады.

Ет

Маңыздысы: бұл өнімдер тез бұзылатын болғандықтан ауа өтпеуін қадағалаңыз. Ол үшін оған сүт құйып қойыңыз (1-2 сағаттан кейін кілегей еттің жан-жағына жабысып, ауаны кіргізбейді, ал сүт қышқылы бактериялардың өсуі мен көбеюінің алдын алады).

Өнімдерді герметизациялаудың басқа да тәсілі бар: ет немесе құс етіне қайнаған су құйып (бет жағы ағаруы мүмкін), немесе күнбағыс майымен майлап қойыңыз. Жазда етті шыбыннан қорғау қажет: өнімді бұрышпен, ұнтақталған ақжелкекпен сылау қажет немесе ашытылған қиярдың тұздығына малынған матаға орап қойыңыз.

Жұмыртқа

Жұмыртқаны 5 секундқа қайнаған суға салып герметизациялайды (қабығының астында қайнатылған ақуыз қабаты пайда болады). Пайдаланылмаған сары уызды шыны құтыға салып, сыртынан суық су құйып қою қажет.

Осы кеңестерді пайдалансаңыз тоңазытқыштың жоқтығына қапаланбай, өнімдерді біраз уақытқа сақтай аласыз.