"Әзілің жарасса, атаңмен ойна" демекші, сөз қадірін білетін халқымыз әзіл-қалжыңға жүйрік. Орнымен қалжың айта білу – ұжымда да, отбасында да береке-бірліктің сақталуының бір кепілі. Психологтар да, дәрігерлер де күлкі, әзілдің адамның өмір жасын ұзартатынын айтады. Шетелдің кейбір ғалымдары онкологиялық науқастарды емдеуде күлкі терапиясын қолданып жүр.
Комедия жанрындағы фильмдерді, шоу, спектакльдерді көрсек, бір жасап қалатынымыз рас.
Егер сіз әзілдей білмесеңіз, онда міндетті түрде бұл өнерді меңгергеніңіз жөн. Себебі, бұл да адамдарды жақындастыратын құрал.
Бірақ әзілді де орнымен айта білу керек. Төменде әзілге қосуға болмайтын нәрселер берілген.
1. Адамның түр-келбеті. Бұны әзілге қосу – әдепсіздік.
2. Ұлты мен діні. Ұлтына, жынысына, нәсіліне, дініне қарамастан барлық адамның құқығы бірдей. Сондықтан, біреудің ұлттық ерекшелігіне, діни көзқарасына күлу – мәдениетсіздік.
3. Біреудің жасына.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Askar Bumaga
Оқи отырыңыз:
Көңілге қонымды әзіл-қалжыңдар
Басыңызды қалай қаратып ұйықтайсыз?
Махаббат теориясы: сен үшін жаным пида
Махаббат теориясы: бірге болайық мәңгілік