Азамат Мұсағалиев — тележүргізуші, «Камызяк өңірі құрамасының» капитаны, КВН Жоғарғы лигасының финалисті. Қазір әзіл-сықақшы ТНТ телеканалымен бірге жұмыс істейді: оның қатысуымен бірнеше бағдарлама шығады. Көрермендер Азаматты сапалы әзілдері мен харизмасы үшін жақсы көреді.
Азамат Мұсағалиев — Ресейдің қазағы. Ол Астрахань облысының шағын ғана Қамысты елдімекенінде дүниеге келген. Оның басты қолдаушысы мен сыншысы — әйелі — Виктория Мұсағалиева. Викторияның да ұлты — қазақ.
Олар 2006 жылы Астрахань саябағында танысқан.Азамат достарымен саябақта серуендеп жүрген. Ол Викторияны бірден байқап, оны таңғалдыру үшін бар күшін салған. Танысқаннан кейін олар үшін ортақ нәрселер көп екенін байқаған. Екеуі де бір қаладан, бір мектепке барған және бір университетте оқитындары анықталған. Содан соң олар екі жылдай кездесіп, 2008 жылы үйленеді.
Ерлі-зайыптылар өмірінің алғашқы жылдары олар үшін оңай болған жоқ. Виктория Астраханьда тұрды. Ал Азамат көбіне Мәскеуде болатын және Ресей бойынша өнер көрсетіп жүрді. Викторияның шыдамдылығының арқасында келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерден аулақ бола алды.
Азамат пен Викторияның Милана және Ляйсан атты қыздары бар. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Азамат әйеліне балалар тәрбиесі мен үй шаруашылығында көмектесіп тұрады. Олардың некесі — сенім, махаббат және өзара көмек негізінде құрылған дұрыс әрі бақытты қатынастың үлгісі.