Айфоннан артық теледидар пульті

Айфоннан артық теледидар пульті

Cоңғы онжылдықта теледидардың өсу қарқыны баяу, бірақ нық сеніммен келе жатыр. Әр жыл сайын аталған құрылғы ауырланып әрі күрделеніп келеді. Ол қатарда теледидар пультін айтпай тұра алмаймыз.

Көптеген адамдар теледидар пультінің екі-ақ қызметін пайдалана алады. Бірі - канал ауыстыру, екіншісі - дауыс зорайту. Ал қалған толып жатқан міндеттер басылмаған күйі қала береді. 

Енді сіздің айфон көргендегі қуаныш сәтіңіз теледидар пультін көргенде де сақталып тұратын болады. Жақында Париждің бір топ жастары теледидар пультіне аздаған өзгерістер енгізді.

Бір топ жастың бірі пластик пультті үстінде магнитті қара тас сырғанап жүретін ағаш астауға ("жёлоб") ауыстыру керектігін алға тартқан. Қара тасты теріс айналдыру арқылы керек каналды тауып, дауыс зорайта аласыз.

Ал бір жас жігіт кішкене ток аударғыштарды (переключатель) құрғақ стакан, банкі беттеріне қойып көріпті.

Теледидарды кез келген қатты нәрсемен басқара беруге болады екен.

Сақина әшекейі арқылы каналдарды ауыстыруға болатын көрінеді. Сақина үстіндегі айналып тұратын баудың көмегімен қызметтерді атқара аласыз.

Теледидардың төрт қызметін жүзеге асыратын төрт түсті текше (кубик). Аталған пульт иесінің арман-қалауын есте сақтай алады.

 Пульт аумағында сырғитын кішкентай платформаның көмегімен барлық қызметтерді орындай аласыз.

Кілтті сұғыңыз да, өзіңізге керек каналға ауыстырыңыз.

Пульт-бойтұмарды жоғалта қою қиын шығар. 

Сандармен басқарудан артық жеңіл не болуы мүмкін?

Толықтай силиконнан тұратын пультке қалай қарайсыз?

Каналдарды бүйірдің (вбок) бір жағына жүргізу арқылы ауыстырып көріңіз. Ал дауыс зорайтқышты арқаңызды қасу арқылы реттеп отырасыз.

Иесінің қолын танитын пульт.

сурет:richardbanks.com

дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига