Әйелінің өңі күйеуінің мінезімен тығыз байланысты болады екен. Еркектердің мінезі түрліше болатындықтан, олардың әйелдері не жүзінен нұр тамып тұрады, не сарғайып жүдеп-жадап кетеді дегенді естіген боларсыз.
Зерттеу нәтижесі бойынша, күйеуі ашық мінезді, әңгімешіл болса, әйеліне күйіне білсе, әйелінің жеке еркіндігіне көп килікпесе, әйеліне оңай-оспақ ашу шақырмаса, онда әйелі беті-қолына күңгірт теңбіл дақтар түспей, қашан да жүзінен нұр тамып, жайнап жүреді екен.
Күйеуі біршама тұйық мінезді болса, жайшылықта топсырайып көп сөйлемесе, әйеліне тым күйінбесе, көңіл бөлмесе, онда әйелі жабырқаңқы болады, беті-қолының терісі де көбінде қожырланып, безеу шығуы мүмкін екен.
Егер күйеуі дөрекі, дүлей болса, әйеліне күйінгеннің орнына оны қит етсе, жазғырып зекісе, онда әйелінің беті-қолына сарғыш қоңыр теңбілдер қаптап, өңі қашады, оның үстіне шашы ағарып, мезгілінен бұрын қартаяды екен.
Жарын еркелетпейтін, үй қарасын көрмейтін, елдің көзінше әйелін жақсы көретін рай танытып жүретін отбасындағы әйел ерте кәрілікке жол тартады дейді мамандар.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: pansci.tw