Еркек пен әйел тең емес. Әйел әу бастан нәзік жанды жаратылыс болғандықтан, өмір-бақи осы нәзіктігін, сұлулығын сақтап қалуға ұмтылуы керек. Әйелдің негізгі міндеттері қандай?
1. Әйелдерге арналған тренингтер оларды жұмыстан шығып, үйде отыруға шақырады. Өйткені әйел ақшаны тек қана өз күйеуінен алуы керек. Әйел түгелімен еркекке бағынып, үй тірлігі мен бала тәрбиесін қолына алуы тиіс. Бірақ қазіргі заманда әйелдің үйде отыруы міндетті емес. Сондықтан үй мен жұмысты қатар алып жүретін келіншек болып қалыптасқаныңыз жөн.
2. Үнемі көйлек пен белдемше кию. Киімнің тізеден асып тұрғаны жақсы. Белдемше әйелге қосымша энергия үстейді.
3. Әшекей тағу. Мейлінше алтын таққан дұрыс. Энергетиканы жақсартады.
4. Әйел үй тірлігіне жауапты іс ретінде қарауы керек. Мысалы, еденді күн сайын жуатын әйел өзінің де, үйінің де энергиясын жақсартады.
5. Тамақ пісіру. Көбіне түзде жүріп, сырттан тамақтанатын ер адам үйдің тамағын аңсап оралуы тиіс. Оның үстіне әйелі дайындаған тамақты жеген еркектің көңілі де, қарны да тоқ болады.
6. Тәтті тамақ жеу. Тәттіге құмарлық көбіне әйелдерге тән.
7. Еркекті мақтау, оны сыйлау, оған бағыну және оған қызмет ету. Әйел осы істерге барынша тырысып, өзін тәрбиелеуі тиіс.
8. Отбасының өзіндік қағидасын жасап, оны ұстану. Мысалы, ұрсысқан кезде үндемей қалу, баланың көзінше дауыс көтермеу. т.б.
9. Өмірлік қағида – әйел сымбаты мен көркіне мән беріп, өз-өзін күтіп-баптауы керек. Күтімді, жағымды көрінетін әйелдің ішкі күші көбейіп, өзіне деген сенімділігі арта түседі.
10. Соңғысы – сәбилі болу. Бұл тармақ қосымша пікірді қажет етпейтін секілді.