Мынаны оқыған соң, қыздар шамданып қалуы да мүмкін. Бірақ, әйелдер қашанда шын сөзге шамданады ғой. Мүмкін сіздер еркектердің өтірік айтатын сөздерін жазарсыздар соңында.
Саған тұрмысқа шыққаным әсте қалталы болғаның үшін емес!
(мүмкін атақ-абройы үшін болса керек)
***
Мені сондай жерге барғысы келеді деп ойлайсың ба, сол құрбым көнбеген соң бардым.
(Құдды, еркектер әйелдердің көңіл ашқысы келіп тұратынын білмейтін сияқты)
***
Сен тамақ жасасаң, дәмді болады екен!
(Қулығын қарай гөр!)
***
Бұрын онымен бірге не істеуші едіңдер? Айтып берші, ашуланбаймын...
(Әйел сенімен үйленіп, мың жылдан соң да қызғанышын тоқтатпайды. Ал оның «ашуланбаймын» деген сөзіне сенген еркектерге обал жоқ!)
***
Достарым бұл киім саған қатты жарасады деп айтқан.
( Құдай-ау, алғың келсе былай-ақ айта берші!)
***
Мен оны мүлдем ұмытқам, қазір санамда сенен басқа ешкім жоқ!
(Айрылысып кетсең, ол сені де ұмытпайтын еді)
***
Жігіт болсаң, енді қайтып келуші болма!
(Осы сөзден кейін оның ұзақ күн бойына сені сарылып күтуі басталады)
***
Неге сонша әуре болдың! Қымбат шығар бұл?!
(Тағы сауға бермей көрші!..)
***
Қазірше махаббат туралы ойланғым келмейді.
(Ары жүрші, менің жігітім бар!)
***
Шынын айтқанда, сен өте жақсы адамсың!
(Басқаларға барып көрсет ол жақсылығыңды)
***
Маған аздап уақыт берші, жарай ма?!
(кет ары емес)
***
Жаным менің! Сенен басқа кімім бар дейсің менің?!
(Басқа-басқа, дәл осы жерде алданбай көр!)
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: 77qixi.com