Ана туралы, әйел заты туралы айтылымдардан:
***
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап қаратып кете алатын күш жоқ қой деймін. Қалай да, байлық, мәнсап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асылса, бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарап тұра берер едім.
***
Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Сұлулықты ит те сезеді.
***
Әйелді естілік жеңсе сұлулығы арта түседі. Сұлулығы жеңсе естілігі де, сұлулығы да солғындай түседі.
***
Әйелді сүю үшін білу ғана жетпейді, сезіну керек. Ең керегі осы.
***
Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді.
***
Шаңырақтың шайқалуы көп келіншектің өзінің харекетін ұмытып, балалардың анасымын деп қана ойлауынан басталады.
***
Әр әйел өзінше әдемі, әттең! Соның көру бұрышын таба білмейміз.
***
Еркектен әйелді мықты, шыдамды етіп жаратқан. Сондықтан да оларға әлмисақтан бері үстемдік етуге тырысып келеміз.
***
Нағыз ер жігіт кіріп келсе, әйелдер өздерінің бір кезде қыз болғанын салған жерден ұға қояды.
***
Әйел кіндігінде әлем айналады.
***
Әйелдер туралы ұлылар:
Әйел заты қашан да еркектің еркін билеп, оның жоғын оңға бастауға да, теріс келтіруге де, бақытқа кенелтуге де, мерт қылуға да тікелей себепкер болып отырады (Әл-Фараби)
***
Ұлттың болашағы әйелдің қолында (Балзак)
***
Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ таразияты, әйел халіне жалғасады. Сол себепті, әйелдердің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылық бақытты күні күліп қарамайды. Ал мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең әйелдің халін түзе. (Мұхтар Әуезов)
***
Жігіттің алғанына қарап бағын сына, жолдасына қарап бағын сына (халық мақалы)
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com