Аяқ киіміңіздің өзіңізге ұзақ уақыт қызмет еткенін қаласаңыз, оған күтімді дұрыс жасай білуіңіз керек. Олардың әдемі қалпын осылайша сақтап, ақшаңызды үнемдей аласыз. Оны тазалау үшін бірнеше зат қана керек болады.
♦ Жаңа туфлиді кепкен соң ғана майлауға болады. Артынша щеткамен немесе барқыт, жүн матамен тазалаңыз. Жалтыратқыңыз келсе, лимонмен сүртіңіз;
♦ Ішіне газет салып, сыртына колготкі кигізу арқылы дымқыл туфлиді кептіруге болады. Бұлай жасамаған жағдайда бұрынғы пішінін жоғалтуы мүмкін;
♦ Қысқы серуеннен кейін аяқ киімді бірден тазартуға ерінбеңіз. Артынша майлауды ұмытпаңыз;
♦ Күдері аяқ киімді резіңке щеткамен тазалап, түгін жатқызу керек. Түгін шәйнектің буына тосып тұру арқылы жатқызуға болады;
♦ Ыстық сумен күдері аяқ киімнің дағын кетіруге болады. Ал ағарған жерлерін спиртке батырылған мақтамен, артынша өшіргішпен сүртуіміз керек;
♦ Шаң-тозаңнан тазартқан соң ғана аяқ киімге май жағуға болады;
♦ Май аяқ киім түсіне қарай таңдалуы тиіс. Немесе барлығына жарайтындай түссізін алыңыз;
♦ Егер түрлі түсті туфлиіңіз болса, бірнеше щетка мен барқыт мата алып қойыңыз;
♦ Скипидардың көмегімен қою майды сұйылтуға болады;
♦ Лакталған туфли қыс мезгіліне жарамайды. Суықтан шытынап, майда торлар пайда болады. Мұндайда сүтке батырылған мақтамен, артынша пиязбен сүртуіңіз керек;
♦ Бұдан өзге вазелинмен майлап, жұмыртқа ағымен жалтырағанша тазалауға болады;
♦ Резіңке етік пен бәтіңкеге ұлтарақты міндетті түрде салыңыз. Ұлтарақтың былғарыдан немесе қалың матадан жасалғаны абзал. Шытынап кетуі мүмкін болғандықтан, отқа жақын қоймаңыз;
♦ Пимадағы қарды бірден тазарту керек. Егер пиманы гәлөшпен бірге кисеңіз, оған кебуге мүмкіндік беріңіз;
♦ Пима мен жұқа киіз бәтіңкелерді қатты щеткамен тазалаңыз. Тазалау үшін пемза мен кішкене теріні пайдалануыңызға болады. Ал кірлеген жерін жуыңыз. Бірақ жуған соң пішінінің айтарлықтай кішірейетінін ескеріңіз;
♦ Туфлидің тақылдаған даусын кетіру үшін табанына үпілмәлік майын жағыңыз.
Ал Сіз аяқ киіміңізді қалай тазалайсыз?
Сурет: rudaki.ru
Оқи отырыңыз:
Басыңызды қалай қаратып ұйықтайсыз?
Қорқыныштың иісі болатынын білесіз бе?
Күле білу - бәрімізге ортақ қасиет
Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба?