- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ата-анаға құлаққағыс: Баламен...
Ата-анаға құлаққағыс: Баламен дұрыс қарым-қатынас орнату
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас жақсы болған сайын отбасындағы ауа-райы ерекше болады. Ата-анаға бала тәрбиелеу ісінде кейін өкініп қалмастай қадамдар жасау керек. Сол үшін бүгін біз сіздерге баламен қалай қарым-қатынас орнату керетігін айтпақпыз.
Балаңызға не жасап көрсету керексіз?
* Тыйым сала бергеннен гөрі, оны жасаса қандай жаман болатындығын;
* Дастархан басында қалай отырып, қалай тамақтану керектігін;
* Қалай жуыну керектігін;
* Картадан қалай үй салуға болатындығын;
* Қағаздан қандай жануарлар жасауға болатындығын;
* Жауабын білмеген кезде интернеттен қалай ақпарат іздеу керектігін;
* Кітапханада карталардан керек кітаптарды қалай іздеу керектігін;
* Өзіңді-өзің қалай күту керектігін;
* Жуылған киімді қалай жайып, бүктеу керектігін;
Балаңыздың қай ісіне уақыт бөлу керексіз?
* Ол ойын алаңдарында ойнап жүргенде;
* Ас үйге қолғабыс болуына;
* Құстарға қарауына;
* Бірге қыдыруға;
* Қиын тапсырмаларды бірге орындауға;
Балаңызды немен қуанту керексіз?
* Тосынсый жасап;
* Бөлмесін жинап, реттеп;
* Сүйікті тағамын не бәлішін өз қолыңыздан пісіріп;
* Асын түрлі күлкілі формада сәндеп;
* Оны көмекке шақырғанда күлкілі дауыспен атын атап;
* Онымен бірге шын пейілмен ойнап;
Балаңызға қалай қарау керексіз?
* Мейірімді көзбен қарау;
* Сырттан кіріп келгенде күліп қарсы алу;
* Рақмет айтқанда, «Оқасы жоқ» деу;
* Бірдеңе айтатын кезде, алдымен оның тыңдап тұрғанын біліп алу;
* Бүлдіріп қойған ісін өзі түзеуіне мүмкіндік беру;
А. Әбілхан