Ата-анаға құлаққағыс: Баламен әңгіме кезінде

Ата-анаға құлаққағыс: Баламен әңгіме кезінде
Фото: amur.kz

Баламен әңгіме айтып, оны сөзге тартудың маңызы зор. Сол арқылы баланың дұрыс сөйлеп, дұрыс тыңдауын дамытуға болады. Ендеше, бүгін біз сіздерге баламен әңгіме кезінде есте боларлық бірнеше дүниенің бетін ашпақпыз.

Балаңызға не деу керексіз?

Мен сені қатты жақсы көремін.

Мен сені бәрінен де қатты жақсы көремін.

Менен қанша алыста болсаң да, менің саған деген махаббатым өшпейді.

Мен сені ашуланып тұрсам да жақсы көремін.

Егер маған сені өмірге әкелерде көп баланың ішінен біреуін таңдауымды сұраса, бәрібір сені таңдап алар едім.

Бүгінгі ойынымыз өте қызық болды.

Рақмет!

Балаңызға не жайлы айтып беру керексіз?

Оны сәби кезінде қалай еркелеткеніңіз жайлы;

Есімін неге және кім олай қойғандығын;

Оның жасында өзіңіздің қандай болғандығыңызды;

Өзіңізге ұнайтын түс туралы;

Әкесімен қалай кездескендеріңізді;

Балаңызды өсірерде қай кез сіз үшін қиын соққандығын;

Балаңыздың қолын ұстап тұрып, үш рет қысқаныңыз сіздердің ортақ құпияңыз – «Мен сені жақсы көремін» деген сөз екендігін;

Қазір немен айналысып жүргеніңізді;

Болашаққа қандай арман-тілектеріңіздің барын.

Балаңызды қай кезде мұқият тыңдау керексіз?

Автокөлікте келе жатқанда;

Өзінің ойыншықтары жайлы айтып жатқанда;

Сіздің көмегіңізге жүгінгісі келіп тұрғанда;

Шыдамыңыз таусылуынан бір секунд өткен кезде;

Тыңдауға тұрарлық әңгіме айтып жатқанда;

Болашаққа жоспар құрып жатқанда;

Өз армандарын бөлісіп жатқанда;

Балаңыздан не сұрау керексіз?

Бұл не үшін мұндай болғанын айтшы?

Егер былай жасасақ, қалай болатын еді?

Мұны қалай түсіндірсек болады?

Сен не жайлы ойлап отырсың?

Сен қалай ойлайсың?

Сенің есіңде ең қызықты болып қай күн сақталды?

Сенің ойыңша, оның осы ісі дұрыс па?

Оның орнында болсаң, сен қалай істер едің?

А. Әбілхан