Қоғамда болып жатқан қорқынышты жайттардың көбі балалардың басынан өтіп жатқанын көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз. Жүрегімізді ауыртатын жайттарға барып жүрген адам қатарынан шыққан жауыздар баланың өмірі мен бостандығын жаулауды сүйікті ісіне айналдырып келеді. Мұндай трагедиялық жағдай сіздің де отбасыңыздың басына түспес үшін мына жазбаға салмақты қарап, осында айтылған 20 талапты балаңызға қоя білгеніңіз өзіңізге жақсы.
1. Балаңыздың үйден шығарда қандай киіммен және қандай көңіл-күймен шыққанын есте сақтаңыз. Оны әр алты ай сайын суретке түсіріп, соңғы суреттерін үнемі сақтап жүріңіз.
2. Балаңызға үнемі өз аты-жөні және үйдің телефон нөмерлерін жаттатып жүріңіз. Сонымен қатар, оны сіздің жұмыс орныңызды тауып бара алатындай етіп және телефон нөмеріңізге хабарласа алатындай етіп үйретіңіз.
3. Балаңызға қандай да бір қауіпті жағдай туындай қалған уақытта полицияға қалай хабарласу керектігін және тұтқаның арғы жағындағы жауапты кезекшімен қалай сөйлесу керектігін үйретіп қойыңыз. Балаңызды үйде немесе саябақта қалдырар кезде қандай да бір түсініксіз немесе қауіпті жайттар орнап қалған жағдайда өзіңізбен байланыса алатындай етіп сеніп тапсырып кетіңіз.
4. Балаңызға бөтен адамдарға есік ашпауын айтып жүріңіз. Танымайтын адамдармен телефон арқылы сөйлескен кезде не деп жауап беру керектігін үйретіп қойыңыз.
5. Адамдарға мінездеме беруін талап етіңіз. Бала күтуші жалдаған болсаңыз, жұмыстан ерте келіп немесе ойламаған жерден үйге кіріп келіп, сіз жоқ кезде оның балаңызбен қалай жұмыс жасайтынына көз жеткізіңіз.
6. Балаңыздың интернетті қалай пайдаланатынына мән беріп, бөтен сайттарға жоламау керектігін айтып отырыңыз. Оған интернет пайдалану үшін арнайы норма қойып қойыңыз.
7. Балаңыздың интернет беттерінде қандай атпен отыратынын білгеніңіз дұрыс. Сонымен қатар құпия сөзін де білу артықтық етпейді. Тек оны отбасы мүшелерінің бәріне жаймай, тек балаңыз екеуіңіз ғана білсеңіз де жетеді.
8. Балаңызға интернет беттерінде өзі туралы толық мәліметтер беруіне рұқсат етпеңіз. Сонымен қатар, отбасы мүшелері мен мекенжайын да жазбағаны дұрыс.
9. Балаңыздың үйден басқа тағы қандай орындарда интернетті пайланатынынан хабардар болып отырыңыз.
10. Балаңыздың оны шошытқан немесе таң қалдырған оқиғаларын сізбен бөлісіп отыруына мүмкіндік беріңіз.
11. Балаңыздың жүретін жерлері және пайдаланатын қоғамдық орындары мен қоғамдық көліктерінің қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз.
12. Балаңыздың достарымен және олардың ата-анасымен танысып, үнемі байланысты болыңыз. Оған білім беретін мұғалімдерін және үйірме жетекшілерімен де тығыз байланыста жүріңіз.
13. Балаңызға кез келен шешімді сізсіз қабылдамауын өтініңіз. Танымайтын адамдардың автокөліктеріне жақындамауын және отырмауын талап етіңіз.
14. Балаңызға бөтен адамдардың жылы сөздеріне сеніп сіздің рұқсатыңызсыз еріп кетпеу керектігін үнемі айта жүріңіз.
15. Балаңызға қандай да бір жағдайға тап болғанда тығырықтан қалай шығатынын өзінен сұрау арқылы үйретіңіз. Мысалы, «Сен саябақта ойнап жүріп, велосипедтен құлап қалдың делік. Осындай кезде не істейсің? Кімнен көмек күтесің?» деп сұрақ қойып, балаңыздың жауабын күтіңіз. Оның жауабын естіген соң тиісінше дұрыс не дұрыс еместігін айтып, өз ойыңызға балаңызды сендіріңіз.
16. Қолыңыздан келгенше, балаңызды ойын алаңдарында, саябақтар мен адамдар көп жүретін орталықтарда қараусыз қалдырмаңыз және қалып қойған жағдайда ешкімге ермеуін талап етіңіз. Сонымен қатар танымайтын адамға балаңызды сеніп тастап кетпеңіз.
17. Қоғамдық орындарда немесе сауда орталықтарында балаңыздан көз жазып қалсаңыз, оны жоғалтқан жерден бір қадам да қозғалмаңыз. Өйткені балаңыз дәл сол жерді жаттап қалған болса, қайта оралады.
18. Балаңызға бөтен адам тиісіп, әкет еткелі жатқан кезде бірден дауыс шығарып айқайлау немесе тістеп алу секілді басқа да қорғану әрекеттерін жасауға үйретіңіз.
19. Балаңызды әр шығарып салған сайын оның ҚАЙДА кетіп бара жатқанын, КІМ әкетіп бара жатқанын және КІМ күтіп алатынын біліп отырыңыз.
20. Балаңызға уақытылы үйге оралуды дұрыстап үйретіп қойыңыз.