Астанада үлгілі отбасылармен кездесу өтіп жатыр.
"Отбасым - менің мақтанышым" атты шараны ұйымдастырып жатқан ҚР Президенті жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне қарсы өткізіліп жатыр. "Бүгінгі шараның мақсаты - Президенттің қолымен жасалып жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсету. Біз осылайша еліміздегі әрбір адамның отбасы институтының өркендеуіне үлес қоса алатындығын ұғындырғымыз келеді", - делінген таратылған баспасөз-хабарламасында.
Кездесудің басты қатысушылары - Қазақстанның әр аймағынан жиналған "Отбасым" журналының кейіпкерлері. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кісілер бала тәрбиесі мен етіп жүрген кәсіптері арқылы еліміздің дамуына орасан зор үлес қосып жатыр. Жиынға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Абдыхалықова және түрлі қоғам қайраткерлері қатысады.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ойдан шығарылған кейіпкерлер емес, нақты адамдардың ерліктері тілге тиек етіледі. Олардың бала тәрбиесі жұмысындағы тәжірибелері сөз болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: lavkachudec.ucoz.ru