Келген қонақ ас үйдің тазалығына, тамақтың дәмді болып піскеніне қарап, сол үйдің бойжеткендеріне, анасының қызына берген тәрбиесіне баға береді. Сондықтан, ол жерді мүмкіндігімізше таза ұстауымыз керек. Көп жағдайда пияздың жағымсыз иісі шығып, жерге төгілген тәтті тағамға құмырсқалар үймелеп кетеді. Ондай жағдай болмас үшін кішігірім кеңестер ұсынамыз:
1. Ас үйдегі жағымсыз иісті кетіру үшін апельсин немесе лимонның қабығын оттықпен күйдіріңіз.
2. Шикі көкіністерді ұзақ сақтау үшін оларды дымқыл сүлгіге орап қойған жөн.
3. Термостың ішінде жағымсыз иіс пайда болса, уайымдамаңыз. Бар болғаны бірнеше қасық күріш салып, үстіне су құйыңыз. Артынша жылы сумен шайыңыз.
4. Егер шырынға арналған мұз дайындауды ұнатсаңыз, оның әрбір төртбұрышына бір-бір шие салып қойыңыз. Немесе жеміс шырыны қосылған су құйыңыз. Мұндай кубиктер өте әсерлі көрінеді.
5. Нанның көгермегенін қаласаңыз, жабық ыдысқа салып, жанына алма немесе картоп қойыңыз. Нан салғышты апта сайын сабынмен жуып, ішін 1/3 бөлік су араласқан сірке суымен сүртіңіз. Ақ нан мен қара нанды қатар қоймағаныңыз абзал.
6. Киім қыстырғыштарды ас үй шкафының ішіне жабыстырып, артынша қағаздарға қажетті ережелерді жазып қоюыңызға болады.
7. Лимонды сыққан кезде шырыны көбірек шықсын десеңіз, алдын ала 5 минутқа ыстық суға салып қойыңыз.
8. Тәтті бұрыштың ішіндегі дәндерін қоқысқа тастамаңыз. Оларды жинап алып кептіріңіз. Қыстыгүні оны тамаққа қосуға болады. Бұрышқа қарағанда дәнегінде пайдалы заттар өте көп. Басқа дәнектерді де осылай кептіріп, тамаққа қосуыңызға болады.
9. Ұнды, жарманы, қант ұнтағын, кептірілген жемістерді қағаз қапта сақтаудың қажеті жоқ. Ал дүкеннен әкелінген қағаз қапшықтағы ұнды бір түнге тоңазытқышқа салып қойыңыз. Осылайша оның қаптамасындағы майда жәндіктер өледі. Артынша ұнды 140-150̊С-та қыздырылған духовкінің қарама-қарсы бетінде біраз уақыт ұстап тұрыңыз. Осы рәсімді орындағаннан кейін ғана әйнек ыдысқа салыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz