Шыны ыдыстарыңыз әрін жоғалтпасын десеңіз, оны кез келген химиялық сұйықтықтармен жуып, кез келген шүберекпен сүрте салуға болмайды. Арнайы химиялық заттар сататын дүкендерде шыны ыдыстарды жууға арналған сұйықтықтар сатылады. Ал егер бұған уақытыңыз жоқ болса немесе босқа ақша шашуға жол бергіңіз келмесе, мұндай құрамды қолдан да жасап алуға болады.
* Бұл үшін бізге кішкене сабын бөліндісі немесе бірнеше сабын алқындысы керек. Оларды бөлшектеп-бөлшектеп екі сағат уақыт шамасында суға салып қоямыз. Еріген уақытта капрон шұлыққа саламыз. Тазарту күші мықтырақ болу үшін оған бірнеше тамшы нашатыр қосуға болады. Міне, осылайша, сіз өзіңізге керек сұйықтықты жасап ала аласыз.
* Сонымен қатар шыны бөтелкелерді тазалап жуу үшін майдалап туралған шикі картопты қолдануға болады. Ол үшін картопты сыртын ашып, майда бөлшектерге бөлеміз. Сосын аздап тұз бен сірке суын қосамыз.
* Шыны ыдыстардың сырты жылтырап тұру үшін суға 1-3 шай қасық сірке суын және тұз қосуға болады.
* Жаңа шыны стақандарды қолданбас бұрын олардың бәрін үлкен кәстрөлге саламыз. Бірін-бірі бүлдіріп жырып кетпес үшін араларына қағаз қоямыз. Кәстрөлді отқа қойып, қайната бастаймыз. Қайнап болған соң отты өшіріп, суығанша күтеміз. Біраз уақыт өткен соң стақандарды шығарып, сүртеміз. Осылайша сіздің жаңа стақандарыңыз үнемі жарқырап тұратын болады. Сонымен қатар көп шыдас береді.
* Шыны стақандарды ас содасының бір-екі шымшымымен де сүртіп, жууға болады. Ол үшін ыдысқа бір ғана тамшы су тамызса жеткілікті. Сол тамшы судың үстіне екі шымшым сода салып, шүберекпен сүртіп шығасыз.
* Егер бір стақан екіншісіне тиіп шытынай бастаса, ішіне мұз салып, қайта бүтіндеуге болады. Суық мұздың әсерінен стақанның шытынаған жері өз қалпына келеді. Немесе, керісінше, стақанның сыртынан ыстық суды құйсаңыз да оның шытынаған жері қалыпты жағдайына түседі.
* Май болған шыны ыдыстарды жуу үшін қыша мен қою кофе көмектесе алады.
* Қамырға, жұмыртқаға және сүтке былғанған шыны ыдыстарды алдымен салқын суда тазалап, содан соң ғана ыстық суда шаю керек.
Ендеше, іске сәт, ас үй ханшайымдары!
Сурет: xorst.ru
Ұқсас жазба:
Ас үй ханшайымдарына кеңес #4. Дәмді сорпа құпиялары