Адам баласының өмірін жеңілдету мақсатында ойлап таппаған заты жоқ. Әсіресе ас үйдегі көмекшілер осы жолда жақсы дамыған. Назарларыңызға ас үй ғажаптарын ұсынамыз.
Итальяндық компанияның шығарған мына люкс-пеші атағына лайық. Тамақты дайындайтыны бір бөлек, оның дизайнын зергерлер нағыз Swarovski тастарымен әшекейлеген. Жақын арада компания ас үйге арналған басқа да жиһаз бен техниканы шығаруға бел буды. Оның да сыртын алтынмен жалатып, бетін тастармен әшекелейтін сияқты.
Суық сусындарды жақсы көресіз бе? Мүмкін сусыныңызға тас қосарсыз? Иә, мұз емес, тас. Жоғары сапалы стеатит минералынан жасалынған сусынды суытуға арналған текшелер сусынға дәл мұз сияқты еш артық иіс, дәм бермейді. Қолданылуы да қиын емес: минералдарды 2 сағатқа мұздатқышқа қойып, сусынға сала берсе болады. Алайда минералдар мұз сияқты еріп кетпей, тағы да қолдануға дайын болады.
Аспаздықпен айналысатын қыздар біледі, салат мәзірлерінде кейде лимон шырынын себу керек болады. Толық лимонды құртқысы келмейтіндер үшін жаңалық: мынандай лимон шашыратқышын қолданып көріңіз. Шашыратқышты лимонға кигізіп, үстінен басыңыз. Спрей-лимонды осылайша сақтай берсе де болады, қажет кезде тоңазытқыштан алсаңыз болды.
Су кранынан бұрқатқыш жасап, шөліңіз қанғанша, су ішіңіз! Мынандай кран қондырмасын кранның астына іліп, іше беріңіз. Көңілдірек болсын деген мақсатпен, бұрқатқыштар түрлі-түстерге боялған.
Силиконнан жасалынған кір ыдыстан тамақ қалдықтарын алып тастауға арналған қырғыш кез келген үй иесіне көмекші болады. Қырғыштың арнайы ойластырылған пішіні кез келген ыдысты тазалай алады.
SpoonSisters компаниясы шай ішу рәсімін қызықты өткізу үшін мынандай стақандар ойлап тапты. Оның қара бетіне кәдімгі бормен жазуға болады. Бұл арнайы қыштан жасалынған бетімен түсіндіріледі. Айта кетсек, бұл тақта дәл мектептегідей: оның бетіне жазып, артынан өшірсе де болады. Ақ бор бірге сатылады.
Ал сізге осындай заттар қажет пе?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: lady.mail.ru