Тұрмыста, әсіресе ас үйде ұсақ-түйек болмайды. Ғылыми-техникалық прогресті күнделікті өмірде дұрыс қолдана білген жөн. Осыған дейін де ас үй ғажаптарымен таныстырған едік. Үй шаруаларын кішкене де болса да жеңілдететін мына жаңалықтар кез келгеннің көңілінен шығар.
Көкөністер ұштағышы
Monkey Business-тің Karoto көкөніс кескішін кәдімгі қарындаштарға арналған ұштағыштан айыра алмайсыз! Әрине, кескіш жай ұштағыштан әлдеқайда үлкен, алайда жұмыс істеу принципі сондай-ақ. Бұл кескіштің көмегімен сәбіз, кәді, цукини сияқты көкністердің әдемі ұшталған текшелерін ала аласыз. Ұштағышты қолдана отырып, әдемі көкніс салатын әзірлеп, тағамдарды әшекейлей аласыз.
Бағасы: 12 евро
Термоқұмыра
Tupperware-нің жаңа термоқұмырасы (1 л) кезекті термос емес. Оның қарапайым корпусының ішінде температураны сақтап тұратын механизм жасырулы. Термос сияқты бетін бұрап ашып-жабудың қажеті жоқ. Ұстауға, құюға өте ыңғайлы. Қысқасы бір қарағанда қарапайым құмыра болып көрінетін ол ыстық су не шайдың температурасын ұзақ уақыт сақтай алатын ғажап ыдыс.
Бағасы: 100 доллар
Жәшігі бар тақтай
Joseph Joseph компаниясы ұсынған Cut&Collect тақтайы нағыз әмбебап зат. Бетінде кәдімгі тақтай болса, астында ұсақ-түйек сақтайтын жәшігі бар. Бұл жәшікке туралған көкөністердің қоқысын жинаса не туралған текшелерді салып қойса болады. Осылайша үстелдің үсті ылғи таза сақталып тұрады. Сондай-ақ жәшіктің көмегімен туралған көкөністерді қазанға салу оңайырақ болмақ.
Бағасы: 29,90 евро
Екі бәліш пішіні
Бір уақытта екі түрлі бәліш жасау үшін мынандай арнайы пішінді қолданыңыз. Chicago Metallic-тің Split Pie Pan пішінінің ортасында арнайы қалқа орнатылған.
Бағасы: 20 доллар
Жаңғақ жарғыш
Кеңес заманынан келе жатқан үлкен жаңғақ жарғышы жайлы ұмытыңыз. Жаңғаққа құмар жандар енді жүрек тәріздес мынандай кішкене ғана көмекшімен жаңғақтарды шаға алады. Үшкір жағын жаңғаққа қадап, айналдыра бастасаңыз, жаңғақ екіге бөлінеді.
Бағасы: 12 евро
Ғажап қақпақ
Макарон, күрішті суын төкпей пісіруге болады ма? Бұған сізге Kuhn Rikon-нің Spill Stopper қақпағы көмектесе алады. Қақпақ судың қайнап кетіп, көбіктеніп төгілуге жол бермейді. Бетіндегі арнайы сүзгісі судың көбіктенбеуіне, ал ойыс пішіні төгілмеуіне кепіл береді.
Бағасы: 28 евро
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: alessi.com, josephjoseph.com