Бүгінде артық салмақтан арылғысы келетін қыз-келіншектер көп. Сондай жандарға пайдасы тиетін бірер тәсілдер жөнінде айта кетуді ұйғардық. Яғни кәдімгі су арқылы арықтауға да болады. Су тәбетті басады Асқазан толып тұрғанын сезгенде, ол миға белгі жібереді. Солай біз ары қарай ештеңе жегіміз келмейтінін түсінеміз. Ал су болса асқазанда аз орын алмайды, сондықтан ол толып тұрғандай сезім тудырады. Сонымен қатар адам шөлді қарны ашқан секілді қабылдауы мүмкін. Сондықтан негізгі тамақ ішер алдында 1 стақан су ішіп алған жөн. Ол артық тамақтанудан құтқарады. Калорияны кетіреді Ғалымдар 500 миллилитр су ағзаны әдеттегіге қарағанда 2-3 пайыз артық калория кетіруге мәжбүрлейтінін анықтады. Ал егер ол суық болса, одан да көбірек калория кетеді. Себебі ағза оны жылыту үшін энергия жұмсауы керек. Артық заттарды тысқа шығарады Сұйықтық жетпеген кезде ағза зәрді және нәжісті дұрыс шығара алмайды. Су ас қалдықтарына орын ауыстыруға және жұмсаруға көмектеседі. Ал ағза сусызданарда бүйректер сұйықтықты ұстап қала бастайды. Ол өз кезегінде ісіну мен артық салмаққа әкеледі. Сондықтан суды жеткілікті тұтыну керек. Көмірсудан құтқарады Газдалған сусындар, жеміс шырындары, тәтті кофе немесе шай бұлардың барлығы артық көмірсулар. Оларды қарапайым сумен ауыстырыңыз, сол кезде салмақ тастай бастайсыз. Майды ыдыратады Сусызданған ағза майды дұрыс ыдырата алмайды. Сондықтан ең қатаң диетаның өзі сұйықтықтың қажетті мөлшері болмаса, нәтиже бермейді. Физикалық жүктеме кезінде пайдасы мол сұйықтық бұлшық етттерге, дәнекер тіндерге және буындарға дұрыс қозғалуға, ал өкпе мен жүрекке тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. Жеткілікті су ішкен кезде бұлшық еттер сіңірінің тартылуы мен шаршау қаупі азаяды. Яғни жаттығуға ештеңе кедергі келтірмейді. Ендеше дене сымбатын бірқалыпта ұстағыңыз келсе, суды жеткілікті мөлшерде тұтына жүріңіз демекпіз. zamana.kz