Жүктілік – әр әйел затының өміріндегі ең ғажап сәті деуге болады. Жүрегінің астында тағы бір жүрек соғып жатқанын сезініп, оның әр қимылына шаттану мүмкіндігі белгілі бір уақыт аралығында ғана туады.
• Нәресте ана құрсағында жатқанда-ақ түрлі эмоцияны бастан кешеді: жылайды, мұңаяды, күледі. Бұл саналы емес, рефлекс түрінде жүзеге асады.
• Шамамен 5 аптаға дейін эмбрионның құйрығы болады, бұл қалыпты жағдай, 6-аптада ол өздігінен жойылады.
• Бала түрлі дәмді ана құрсағында жатқанда татады, ол оған қағанақ суы арқылы беріледі.
• Бірінші триместр аяқталар шақта ананың иіс сезу түйсігі күшейеді. Бұл оған балаға зиян тигізетін нәрселерден қорғануға көмектеседі.
• Сәби құрсақта жатқанына үш ай толғанда саусақ іздері қалыптасады.
• Жүктіліктің кейінгі апталарында нәресте барынша өседі және күніне 1 литрдей зәр шығарып, оны өзі жұтады.
• Он әйелдің біреуі ғана дәрігер болжап берген уақытта босанады, қалған тоғызы не уақытынан ерте, не кеш босанады. Ұзақ дегенде баланы құрсақта 40 апта көтеруі мүмкін, ал тарихта құрсақта 375 күн жатқан бала туралы дерек тіркелген.
• Уақыт өте келе жаңа туған баланың орташа салмағы артып келеді. Қазір балалар орта есеппен 3,5 келі боп туады, 30 жыл бұрын баланың орташа салмағы шамамен 2,5 келі болған.
• Әйел адамның құрсағы жүктілік кезеңінде 500 есе үлкейеді.
• Егер бала денесінде түгі көп, шашы қалың боп туса, жүкті кезде анасының асқазаны жиі қыжылдайды.
• Жүктілік кезеңде әйел ағзасындағы қан айналымы ұлғаяды, сол себептен қызыл иегі жиі қаануы да мүмкін. Босанғаннан кейін бұл тоқтайды.
• Жүктілік кезеңінің орта шағына жеткенде болашақ ана омырауынан аққан бөліндіні байқауы мүмкін, бұл ағзада бала емізуге дайындық жүріп жатқанынан хабар береді.
• Жүкті кезде тері түсінде де біраз өзгеріс болады. Омырау қараюы мүмкін, ол бала емізген кезде кетеді.
• Нәзік қыздар егіз, үшем көтеруі екіталай.
• Ағзаға көп күш түссе, жүктіліктің кейінгі кездерінде әйел ісініп кетеді, аяғының өлшемі де үлкеюі мүмкін.
• Жүктілік кезеңнің жартысына жеткенде ана баламен психоэмоциянал байланысты сезіне бастайды.
• Әйел босану кезінде ән айтқанға тынышталуы ықтимал.