Сіз ауырып қалдыңыз: қызу, тұмау, бас ауруы. Жалпы, қорқатын жағдай емес, бірақ жақын күндері сіз мықты бола алмайсыз. Жылы көрпенің астында жатып, демалуды, әлеуметтік желілерге кіруді немесе сериал қарауды қалайсыз. Алайда, сіздің балаларыңыз бар. Сіз анасыз! Олар сіздің ауырып жатырғаныңызды түсініп, өздігінен ойнағандарын қалағаныңызбен, мультфильм қосып берсеңіз де, ана-ана деп шақыра береді. Оның айтқанын орындамасаңыз, жылап, есірігі ұстайды. Нәтижесінде, оған неге тұра алмайтыныңызды қайта-қайта түсіндіргеннен гөрі оның айтқандарын істеп беру жеңілге түседі. Оны жұбатып, ботқаның орнына басқа тамақ пісіріп бересіз, ағалы-інілердің төбелесін ажыратасыз, шкафтың үстінен ойыншығын алып бересіз. Өзін әдейі солай ұстайды, ол тіптен түсінбейтін сияқты деп тек 2-3 жасар бала туралы ғана емес, сонымен қатар 5-сынып оқитын бала туралы да айтуға болады. Сол кезде анасын аямайды, мүмкін, оларды дұрыс тәрбиелемедік деген сұрақтар туа бастайды. Алайда, уайымдамаңыз, баланың мұндай әрекет жасауы қалыпты болып табылады. Атақты селқос түр тәжірибесін еске түсірейік. Ол бір жасар балалар мен оның аналарына өткізіліп, одан кейін бірнеше рет қайталанған болатын. Тәжірибенің бірінші бөлігінде анасы баласы бар бөлмеге кіріп, онымен күнделікті түрде мейірімді сөйлеседі. Бірінің эмоциясы келесісінің бетінде жайнап тұрды. Ерекше үйлесімділік болды. Бірақ, тәжірибенің екінші бөлігі бар. Ол кезде анасы бөлмеден шығып, немқұрайлы түрмен қайта кіру керек. Бала анасына қуана қарап, оның зейінін аударуға тырысып, күліп, бетіне қарай берді. Бала жылдам абыржи бастады. Тағы да аздап тырысып көрді. Ал анасы тасты түрімен отыра берді. Содан соң 1,5-2 минуттан кейін балалар тоқтаусыз жылауды бастады. Осы кезде тәжірибе тоқтатылып, анасы қайтадан тіріліп, баласын жұбатуға кірісті. Әрине, бұл өте ауыр тәжірибе, бірақ өзара әрекеттестікті түсінуге көп пайдасы бар. Анасы ауырып жатырғанда бала не көреді? Егер ана ауырса, ол немқұрайлы бола бастайды. Оның барлық қимылы мен қозғалысы азапты көрсетеді. Ол балаға азырақ зейін қойып, әдеттегідей жауап қайтармайды. Сондықтан, әрине, бала алдымен әдеттегі реакцияны тудырғысы келеді. Ал ол келіспеген жағдайда күйзеліп, жылай бастайды. Анасы тұмаулатқан кезде қалай болса да әсер бергендіктен, қатты жылауға бармаса да, баланың еркелік көрсете бастайтыны анық. Анасының әлсіз дауысына және қиын қозғалысына үлкен балалардың өзі үреймен қарайды. Анасының мұндай түрін көрген балада оны тірілту керек деген мақсат туады. Сондықтан бала барынша анасы әсер ететін затты жасайды. Ұтылыссыз нәрсеге тамақ жегім келеді жатады. Ана баланың бұл өтінішінен бас тарта алмайды. Сонымен қатар, мұндай талаптардың қатарына мыналар жатады: ішім ауырып тұр, менімен ойнашы, ол мені ренжітті, далаға шығайықшы. Егер сіз ауырғанда балаларыңыз бір-бірімен төбелесуді бастаса, олардың мақсаты сізді емдеу. Ашумен олардың тоқтауын сұраған бойда, олар тынышталады. Себебі сіз айқайласаңыз, қатты ауырмағаныңыз деп түсінеді. Ендеше, ауырғанда балаға не айту керек? - Әрине, алдымен балаға ауырып тұрғаныңызды, бірақ оның ұзаққа созылмайтындығын түсіндіріңіз. Олардың да бір кездері тамағы ауырғанын, оның қауіпті еместігін және оларда жылдам жазылғанын есіне түсіріңіз; - Былай тіке сұраған жөн: Сен мені уайымдап жүрсің бе?; - Өтініш жасауға болады және қажет. Баладан сізге бірдеңе әкеліп беруін, көрпеңізді жауып жіберуін сұраған дұрыс; - Балаларыңыз үлкен болса, оған міндеттерді бөліп беріңіз. Олар жасағысы келмей, бас тартса да, олардың көмегі сізге керектігін сезіндіру керексіз; - Мүмкіндік болса, басқа ересектердің көмегін сұраңыз. Себебі сіз үшін бір-екі сағаттың өзі емдік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, төсегіңіздің айналасына балаларды алаңдататын кітаптар, ойыншықтар, мультфильмдерді жинап, барлығын ұйымдастырып қойыңыз. Сонымен, егер сіз ауырғанда, бала өзін басқаша ұстаса, уайымдамаңыз. Себебі ол әдеттегі анасының көңіл күйі мен іс-әрекетін қайтару үшін барын салады. Бала үйреншікті қатынасты сезінгенде, бәрі жақсы екенін түсінеді. Сондықтан, мына балаға не болып қалды деп ашуланбай немесе дұрыс тәрбие бермедім-ау деп уайымдамай, кеңестерге құлақ асып, денсаулығыңызды күтіңіз! Балаға күлімдеп жүретін, тіпті ашуланып, айқайласа да, бастысы, дені сау ана қажет.