АҚШ, Қытай, Жапония, Англия бастауыш білім беру жүйелерінде қандай айырмашылықтар бар? Бала санасын, дүниетанымын қалай тәрбиелеп, қалай жетілдіреді? Осы сұрақтарға назар салып көрейік.
Англия «Бастауыш мектеп оқушылары ережесі»:
Қауіпсіз ер жету табысқа жетуден маңызды; Жейде және іш киіммен жасырылған жерлерді басқалардың ұстауына (қол салуына) қатаң тыйым салынады; Өмір – бірінші, мал-дүние – екінші; Кішкентай құпияңызды анаңызға айтып беріңіз; Бейтаныс кісі берген сусынды ішпеңіз, тәттіні жемеңіз; Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз; Қауіп-қатерге жолыққанда әйнекті шағып жіберуіңізге немесе үй жиһаздарын құлатып жіберуіңізге болады; Қатерге жолыққанда алдымен өзіңіз қаша беруіңізге болады; Жаман адамдардың құпиясын сақтамаңыз; Жаман адамдарды алдауыңызға болады.
Қытай елінің «Бастауыш мектеп оқушылары ережесі»:
Отанды сүю, халықты сүю, комунистік партияны сүю; Заңға мойынсұну, заң танымын өсіру, мектеп тәртіп-түзіміне мойынұсыну, адами қағидаларға бойсыну; Ғылымды сүю, тырыса үйрену, қоғамдық шаралар мен мәдени шараларға белсенді қатысу; Өмірді қадірлеу, қауіпсіздікке көңіл бөлу, спортпен айналысу, тазалыққа мән беру; Өзін қадірлеу, өзін құдіреттендіру, салауатты өмір салтын ұстану, мәдени-рухани саулықа мән беру; Еңбекті қызу сүю, үнемшіл болу, қарапайым болу, өзі істей алатын жұмыстарды өзі істеу; Ата-ананы құрметтеу, ұстаздарын құрметтеу, әдепті болу; Ұжымды сүю, сыныптастармен ынтымақта болу, өзара көмектесу, басқаларға көңіл бөлу; Шыншыл болу, сөзі мен ісі бірдей болу, қателік жасаған сәтте оны түзету, жауапкершілікті сезіну; Табиғатты сүю, қоршаған ортаны қорғау.
Жапония «Бастауыш мектеп оқушыларының қағидасы»:
Мектептен кешікпеу, мектептен қол үзбеу; Көпшіліктің жиналуына арналған дабыл қағылғанда белгіленген орынға жиналу және ретті тізіліп тұру; Дәріске кіру қоңырауы соғылғанда өз орынына жайғасу, мұғалімді күту; Кешіккен, ерте қайтқан, келе алмаған жағдай болса, ұстазына себебін анық айту, шаруасы шықса рұқсат сұрау; Мектептен қайту уақытына құрметпен қарау, мектепте қалу уақыты ұзарса мұғалімнен рұқсат сұрау; Мектепке келу мен кету жолы белгіленген бағыттармен (линиямен) ғана жүру, оң жақта жүру, бейбастақ жүрмеу, ұсақ-түйек жемектіктерді сатып алмау; Жер сілкіну, от апаттарында сасқалақтамау, ұстаздың көрсетуімен тез қимылдау.
АҚШ «Бастауыш мектеп оқушыларының ережесі»:
Мұғалімді лауазымымен немесе фамилиясымен атау; Дәрісханада өз уақытында немесе сәл ертерек болу; Сұрақ сұрау керек болса қол көтеріп рұқсат сұрау; Мұғаліммен орныңыздан тұрып немесе отырып сөйлесу өз еркіңізде; Дәріске қатыса алмаған уақыттарыңызда кем қалған дәрістердің бәрін толықтау, бұл барыста оқушы өз сыныптастарынан көмек сұрауына болады; Егер шұғыл жағдай болса, мектептен кетіп қалуына болады; Барлық үй тапсырмасын міндетті түрде өзі орындау керек; Емтиханда көшіруге болмайды; Егер сабақтан қиналсаңыз, мұғаліммен келісіп, одан көмек сұрауыңызға болады, ұстаз сізге қуана-қуана көмектеседі; Әрқандай кешігу немесе дәрістен қалу жағдайында ата-ананың рұқсат сұрау хаты болу керек; Ауырып қалғанда, үйінде келеңсіздіктер орын алғанда, діни мерекелерде дәрістен қалуына болады, одан басқа себептермен дәрістен қалуға болмайды; Ұстаз сұрақ сұрағанда, ол мәлім бір адамды жауап беруге шақырмаған жағдайда, сұрақтың жауабын білетін барлық адам қолдарын көтеруіне болады.Сіздің бауыр-қарындасыңыз мектепте оқып жүрген болса, сіз оларға қайсы ережені ұсынар едіңіз?
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: nipic.com