АҚШ, Қытай, Жапония, Англия бастауыш білім беру жүйелерінде қандай айырмашылықтар бар? Бала санасын, дүниетанымын қалай тәрбиелеп, қалай жетілдіреді? Осы сұрақтарға назар салып көрейік.
Англия «Бастауыш мектеп оқушылары ережесі»:
- Қауіпсіз ер жету табысқа жетуден маңызды;
- Жейде және іш киіммен жасырылған жерлерді басқалардың ұстауына (қол салуына) қатаң тыйым салынады;
- Өмір – бірінші, мал-дүние – екінші;
- Кішкентай құпияңызды анаңызға айтып беріңіз;
- Бейтаныс кісі берген сусынды ішпеңіз, тәттіні жемеңіз;
- Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз;
- Қауіп-қатерге жолыққанда әйнекті шағып жіберуіңізге немесе үй жиһаздарын құлатып жіберуіңізге болады;
- Қатерге жолыққанда алдымен өзіңіз қаша беруіңізге болады;
- Жаман адамдардың құпиясын сақтамаңыз;
- Жаман адамдарды алдауыңызға болады.
Қытай елінің «Бастауыш мектеп оқушылары ережесі»:
- Отанды сүю, халықты сүю, комунистік партияны сүю;
- Заңға мойынсұну, заң танымын өсіру, мектеп тәртіп-түзіміне мойынұсыну, адами қағидаларға бойсыну;
- Ғылымды сүю, тырыса үйрену, қоғамдық шаралар мен мәдени шараларға белсенді қатысу;
- Өмірді қадірлеу, қауіпсіздікке көңіл бөлу, спортпен айналысу, тазалыққа мән беру;
- Өзін қадірлеу, өзін құдіреттендіру, салауатты өмір салтын ұстану, мәдени-рухани саулықа мән беру;
- Еңбекті қызу сүю, үнемшіл болу, қарапайым болу, өзі істей алатын жұмыстарды өзі істеу;
- Ата-ананы құрметтеу, ұстаздарын құрметтеу, әдепті болу;
- Ұжымды сүю, сыныптастармен ынтымақта болу, өзара көмектесу, басқаларға көңіл бөлу;
- Шыншыл болу, сөзі мен ісі бірдей болу, қателік жасаған сәтте оны түзету, жауапкершілікті сезіну;
- Табиғатты сүю, қоршаған ортаны қорғау.
Жапония «Бастауыш мектеп оқушыларының қағидасы»:
- Мектептен кешікпеу, мектептен қол үзбеу;
- Көпшіліктің жиналуына арналған дабыл қағылғанда белгіленген орынға жиналу және ретті тізіліп тұру;
- Дәріске кіру қоңырауы соғылғанда өз орынына жайғасу, мұғалімді күту;
- Кешіккен, ерте қайтқан, келе алмаған жағдай болса, ұстазына себебін анық айту, шаруасы шықса рұқсат сұрау;
- Мектептен қайту уақытына құрметпен қарау, мектепте қалу уақыты ұзарса мұғалімнен рұқсат сұрау;
- Мектепке келу мен кету жолы белгіленген бағыттармен (линиямен) ғана жүру, оң жақта жүру, бейбастақ жүрмеу, ұсақ-түйек жемектіктерді сатып алмау;
- Жер сілкіну, от апаттарында сасқалақтамау, ұстаздың көрсетуімен тез қимылдау.
АҚШ «Бастауыш мектеп оқушыларының ережесі»:
- Мұғалімді лауазымымен немесе фамилиясымен атау;
- Дәрісханада өз уақытында немесе сәл ертерек болу;
- Сұрақ сұрау керек болса қол көтеріп рұқсат сұрау;
- Мұғаліммен орныңыздан тұрып немесе отырып сөйлесу өз еркіңізде;
- Дәріске қатыса алмаған уақыттарыңызда кем қалған дәрістердің бәрін толықтау, бұл барыста оқушы өз сыныптастарынан көмек сұрауына болады;
- Егер шұғыл жағдай болса, мектептен кетіп қалуына болады;
- Барлық үй тапсырмасын міндетті түрде өзі орындау керек;
- Емтиханда көшіруге болмайды;
- Егер сабақтан қиналсаңыз, мұғаліммен келісіп, одан көмек сұрауыңызға болады, ұстаз сізге қуана-қуана көмектеседі;
- Әрқандай кешігу немесе дәрістен қалу жағдайында ата-ананың рұқсат сұрау хаты болу керек;
- Ауырып қалғанда, үйінде келеңсіздіктер орын алғанда, діни мерекелерде дәрістен қалуына болады, одан басқа себептермен дәрістен қалуға болмайды;
- Ұстаз сұрақ сұрағанда, ол мәлім бір адамды жауап беруге шақырмаған жағдайда, сұрақтың жауабын білетін барлық адам қолдарын көтеруіне болады.
Сіздің бауыр-қарындасыңыз мектепте оқып жүрген болса, сіз оларға қайсы ережені ұсынар едіңіз?
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan