Күз – кездесу мен махаббатқа толы кезең. Студенттер қаланы толтырып, қолтықтасып, қыдырып жүреді.
Алматы қаласында қандай романтикалық жерлер бар?
«Медеу» мұз айдыны
Еліміздегі ең ірі мұз айдыны оңтүстік астанада орналасқан. Бұл жерге қыз-жігіттер, ерлі-зайыптылар, тіпті ата-әжейлеріміз де келіп уақыт өткізеді. «Медеу» мұз айдыны қазан айының 16-ыншы жұлдызында ашылады.
liveinternet.ru
«Көк төбе» шыңы
Көк төбе – Алматының басты символы. Қалаға келген қонақтар уақыты босла, Көк төбеге бармай, кетпейді. Киіз үй, «The Beatles» ескерткіші, алма субұрқағы. Биыл жаңа нысандар ашылады. Көк төбеге көтерілетін арқан жол жуырда өз қызметін бастайды. Әзірше қонақтар Көк төбеге көлікпен ғана бара алады.
koktobe.com
«Махаббат саяжолы»
Бұл саяжолдың өз аңызы бар. Ертеректе бір бозбала бұл жерде ғашығының махаббатын есіне салатын бойтұмарын жоғалтып алады. Жанынан өтіп бара жатқан дана кісі қапаланған жігітке махаббаттың бойтұмарда емес, оның жүрегінде екенін айтып, жұбатады. Сонда әлгі бозбала отырған тас жүрекшеге айналады. Бұл саяжол Чайковский көшесінің бойында, Төле би мен Бөгенбай батыр көшелері ортасында орналасқан.
anshlag.kz
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Мұнда қысқы спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігі бар болғандықтан, сүйіктіңізді осындай тамаша жерге қыдыртып, шаңғы тебуге үйретуіңізге болады.
dostoprim.almaty.kz
«Тұңғыш Президент саябағы»
Бұл саябаққа «Махаббат хикаясын» түсіруге, фотосессия жасауға, балалармен қыдыруға, спортпен айналысуға, демалуға көп адам келеді. Кешкісін еліміздегі ең үлкен субұрқақ «билейді». Бұл саябақ жайлы біз өткен материалымызда толығырақ баяндаған едік. Саябақ Науаи және әл-Фараби көшелері қиылысында орналасқан.
Massaget.kz
«Алма арасан» шатқалы
«Алма арасан» шатқалы – еліміздегі ең әдемі жерлердің бірі.
yvision.kz
«Үлкен Алматы көлі»
Бұл жердің кез келген адамға ұнары сөзсіз. Тамаша пейзаж, таза ауа, жасыл дала, көкпеңбек көл – нағыз романтикаға толы жер. Ол Дулати көшесімен тау жаққа қарай жүргенде көрінеді.
tr-kazakhstan.kz
Жалғасы бар