Алматының романтикаға толы жерлері - 2

Алматының романтикаға толы жерлері - 2
Фото: Нарбек Раис

Күз – кездесу мен махаббатқа толы кезең. Студенттер қаланы толтырып, қолтықтасып, қыдырып жүреді. Алматы қаласында қандай романтикалық жерлер бар?

Басы

«Жұлдызды алаң»

Бұл жерді жастар «ғашықтар тауы» деп те атайды. Жұлдызды алаңнан қаланың әсем көрінісі мен ашық жұлдызда аспан көрінеді. Бұл жерге жету үшін Науаи көшесімен жол бақылау бекетінен жоғары жүргенде жанармай бекетінен оңға бұрылғанда тауға қарай жүру керек.

yvision.kz

«Обсерватория»

Бұл жер алыстан қарағанның өзінде сиқырлы мекен болып көрінеді. Мыңдаған жұлдызды аспанды тамашалау нағыз романтика емес пе? Бұл ғылыми орталық Алматыдан 20 минуттық қашықтықта «Каменское Плато» атты жерде орналасқан.

livejournal.com

«28 панфиловшылар саябағы»

Бұл саябақ Медеу ауданының 18 гектар жерін алып отыр. Кез келген алматылық адам бұл бақтың қай жерде орналасқанын жақсы біледі. Саябақ Қазыбек би, Зенков, Қонаев және Гоголь көшелерінің ортасында орналасқан.

x-travels.ru

«Арбат»

Арбат – Алматының ең «тірі» аудандарының бірі. Мұнда күніне жүздеген адам жүріп өтеді. Ал кешкісін арбат ғашықтарға толады. Онда музыканттар, суретшілер мен қолөнер шеберлері бар. Нағыз романтикалық кеш дәл осы жерде өтетіні сөзсіз.

yvision.kz

«Горький атындағы орталық саябақ»

Мұнда ғашықтар, ерлі-зайыптылар, отбасы мүшелері уақытын қызықты өткізе алады. Саябақ Гоголь мен Бәрібаев көшелері қиылысында орналасқан.

livejournal.com

«Шаңғы-тау халықаралық трамплин кешені»

Бұл кешенде стадион, 25 метрлік жабық бассейн, қанатты жол, спортзал орналасқан. Отбасымен, сүйіктіңізбен уақытты қызықты әрі пайдалы өткізгіңіз келсе, трамплин кешеніне қыдырып барыңыз. Бұл кешен Хамит Ерғали жағалауының батысында орналасқан.

wikicity.kz

«Төлебай»

Жастар арасындағы «Тулебайка» деп аталып кеткен бұл көшенің бойында қыдырсаңыз, өткен жылдардың рухын сезесіз. Бұл көшені халық арасында «ескі қала» деп те атайды. Төлебай көшесінің бойымен серуендеп, әңгімелесіп, сырласа аласыз.

yvision.kz

Махаббатыңыз мәңгі болсын!

Ф. Абилова