- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Алматыда танысу клубы...
Алматыда танысу клубы ашылады
Алматыда танысу клубының ашылатындығы жөнінде ұйымдастырушы Аида Құрманалиева баяндады. Love Story деп аталатын клуб speed dating үлгісінде американдық форматта жүргізіледі. Клубтың алғашқы отырысының тақырыбы - "Әдеби кейіпкерлер мен кинокейіпкерлер және олардың сүйіктілері".
Танысу клубында қатысушыларға бірден жиырма қарсы жынысты адаммен танысуға ұсыныс жасайды. Әрине, олар да өз еркімен клубқа келген, шын мәнінде өмірлік серік тапқысы келетін ниеті бар жандар болуы керек. Алғашқы отырыста олар Ромео мен Джульетта, Отелло мен Дездемона, Қыз Жібек пен Төлеген сынды басқа да көптеген махаббат жолында аты әйгілі жұптардың образына кіреді.
Клубта міндетті екі шарт: Кешке міндетті түрде бір өзге жынысты жанмен бірге келу. Ол інің, досың, қарындасың, нағашың болса да, мейлі. Бастысы - жартысын табуға деген ниеті дұрыс болса, болғаны. Екінші шарт - алдын ала тіркелу және алдын ала 100% төлемақысын төлеп қою керек. Оған қатысу үшін екі адамға 15 000 теңге дайындай беріңіз.
"Біз 3 сәуірде 30-дан 40 жасқа дейінгі адамдармен кездесу ұйымдастырған едік. Ал 10 сәуір күні 20 жастан 30 жасқа дейінгі жастармен кездеспек болғанбыз. Бірақ қатысушыларды жасқа бөлмей-ақ, олардың бәрін бірден 10 сәуір күні күтетін боламыз", - дейді Аида Құрманалиева.
Мекенжайы: "Кофемания" (Абылай хан көшесінің (115) Карасай батыр көшесімен киылысы). Тіркелу үшін билетті де "Кофеманиядан" аласыздар. Байланыс телефоны: 8 707 704 7117.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: facebook.com