Алма сірке суының пайдасы

Алма сірке суы сіз ойлағаннан да пайдалырақ.

Асханада:
• 1 : 1 көлемінде алма сірке суы мен қарапайым суды араластырыңыз. Сізде микробтарды жоюға арналған керемет құрал пайда болады.

Жуынатын бөлмеде:
• Егер ваннаңыздың су кететін жері бітеліп қалса, мына әдісті қолданыңыз: ¹⁄₂ стакан ас содасын себіңіз. Кейін оның үстіне бір стакан ыстық су мен алма сірке суын қосыңыз.
• Кір жуатын машинаны тазалау үшін ұнтаққа 2 стакан алма сірке суын араластырыңыз. Кейін машинаны бос күйінде іске қосыңыз.
• Киімдерді жуу үшін сірке суының стаканын қолдану артық етпейді.

Бөлмеде:
• Алма сірке суының көмегі арқылы терезелер мен қабырғалардағы шаң мен кірден арылуға болады.
• Ерімеген алма сіркесі – үстелде қалып қойған қара дақтармен күресу үшін таптырмас көмекші.
• Сіркені екі ас қасық тұзбен араластырыңыз. Кілемге тиген дақты осы қоспамен сүртіңіз. Кейін шаңсорғыш арқылы бір тазалап алыңыз.

Бақшада:
• Сірке суы – ең керемет тыңайтыш. 300 грамм алма сіркесін 30 литр суда ерітіңіз.  Осылайша, тыңайту үшін қолданыңыз.