Әйелдер үшін ақылды әрі дені сау бала тууға ығайлы мерзім − 30-39 жас аралығы. 20-29 жас немесе 40-49 жас аралығында бала туғандардың бұған мүмкіндігі салыстырмалы түрде азырақ. Әйел 40 жастан асқанда өмірге әкелген балада артық салмақ болады. Мұндай тұжырымды Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің ғалымдары айтты.
Әйелдің жасы баланың денсаулығына қалай әсер ететінің анықтау үшін ғалымдар 18 мың баланы негізге алып, зерттеу жүргізген.
Мамандардың пікірінше, анасы 30-39 жас аралығында өмірге келген бала қабілетті болады, себебі осы жас аралығында әйелдер білімді, табысты келеді. "Бұл жаста әйелдер денсаулығына да аса көңіл бөліп, баласының өміріне де қатты алаңдайды", − деді ғалым Элис Гоисис.
Дереккөз: tengrinews