Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді

Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді
Фото: вк

Егіз Төребек пен Жолдасбек Төлепберген есімді жігіттер егіз Асыл мен Айым Биназарова есімді қыздарға үйленді. Бұл туралы егіз жігіттердің ағасы Сұлтан Ұзақбаев хабарлады. Оның айтуынша, той  2015 жылдың 9 қазанында Ақтауда өтеді. 4 қазанда Асыл мен Айымның ұзату тойы өтіпті.

Ұзақбаевтың айтуынша, жастар Орал қаласында танысқан. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты. "Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келеді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрайды. "Сенің егізің бар ма?" деп сұрағанда ол "иә" деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтқан", - дейді егіздердің ағасы.

Дереккөз:tengrinews

С. Ерсін