Күнделікті тұрмыста адамдар өзіне керекті заттарды сатып алып үлгермей жатып-ақ қалтасындағы ақшаның азайып, тіпті таусылып бара жатқанын аңғарады. Бұл қалай? АҚШ-тың «Сауда» журналы адамдардың өз ақшасын кейде біліп, кейде білмей жұмсап жіберетін жағдайларды анықтаған екен.
Тұрмыс қажеттіліктері. ХХІ ғасырдағы тез ритімді тұрмыс себебінен көптеген адамдар отбасындағы тұтыну бұйымдарының күннен-күнге көбейіп бара жатқаны, осыған лайық жұмсалатын ақшаның да, шығынның да көбейіп келе жатқаны аңғарыла бастады. Сол себепті, қаражат үнемдеудегі ең жақсы амал «Тұрмыс қажеттіліктері» дегеннің не екенін танып жеткенде ғана дейді журналистер.
Тықпалаудан аулақ болу. Кейде ғаламтордағы қызықты қызмет өтеу түрлеріне ақша төлейсіз. Бірақ, ол бір мезгіл ғана жұмыс істеп, әрі қарай сіздің тағы ақша төлеуіңізді сұрайды. Нақтысында оның сізге керегі жоқ. Бұл да қалтаңызды қағудың бір амалы.
Фитнес клубтарына мүше болу. Харворд университеті мамандарының жақын уақыттағы тексеру нәтижесі бойынша, фитнес клубтарға тіркеліп, дене шынықтырумен айналысатын адамдардың басым көпшілігінің, дене шынықтырудан мүлде мақұрым қалғаны белгілі болған. Себебі, адамдар клубқа мүше болғаннан кейін уақытым болса ғана барамын, деп ойлап, басқа жерлердегі дене әрекеттерін де, клубтағы машықтарын да мүлде ұмыт қалдырады екен. Есептеп көрсеңіз бұл да ақшаны орынсыз шашудың бір көрінісі.
Ай сайын ақша төлеу ережесі. Бұл дегеніміз сіз белгілі бір дүкенге ай сайын белгілі бір мөлшердегі қаражатты төлейсіз. Есеісіне, сол айда әлгі дүкеннен өз қалаған затыңызды ала бересіз. Бұл адалдың да ақша үнемдеуге пайдасы шамалы. Өйткені, сіз үнемі өзіңіз игіліктенетін тұстарын ғана ойлайсыз, ал шектелген немесе алуға мүмкіндігіңіз жоқ заттар жайлы келсімшарттан оқымайсыз.
Зат сатып алудағы қате көзқарас. Кей адамдар дүкен сөрелеріндегі баға жеңілдіктерін көрісімен «Бұлар арзандапты» деп ойлап, оны дереу сатып алуы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе мереке-мейрам кезінде көбейеді. Шындығында бұл баға жай күндегіден еке есе, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін. Екіншіден, бағасы арзандаған ол заттың немесе киімнің дәл қазір сізге соншалықты керегі де жоқ. Сондықтан әмияніңізді ортайтып алмаңыз.
Азық-түлікті көп алу. Супермаркеттерге барып жарты айлық, тіпті бір айлық азық-түлікті түгелімен алып қоятын адамдар бар. Қазіргі азық-түліктердің сақталу уақыты бір апта, он бес күн, ұзақ болғанда бір ай болады. Сіз сатып алған уақытта оның жарты мерзімі өтіп кетті. Үйіңізге әкеліп бірнеше күннен кейін оның уақыты өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан, барлық заттың өндірілген уақыты, жарамдылық мерзімін қарап алуғаныңыз жөн.
Ғаламтордан зат сатып алу. Ғаламтордан зат сатып алсаңыз, ол алыс шетелден немесе басқа қаладан келсе, бірақ келген заты сізге сай келмесе онда оны пошта арқылы қайта жіберуіңізге тура келеді. Оған кеткен уақытыңыз бен қаржыңыз өзіңіз дүкеннен барып сатып алғаннан асып кетуі мүмкін.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com, lada.kz