- Негізгі бет
- Шаңырақ
- АҚШ балабақшаларының ата-анаға...
АҚШ балабақшаларының ата-анаға жазған хаты
Хатта ата-аналардың өз балаларына ұстанған позициясында көңіл бөлуге тиісті түйіндер бала тілімен жеткізілген.
- Мені шектен тыс еркелетпеңіздер. Барлық нәрсеге қолым жетпейтінін біліп тұрсам да, мыналар қайтер екен деп сіздерді сынау үшін жасаймын.
- Маған тең дәрежеде мәміле жасаудан алаңдамаңдар, сендер солай істегенде мен өзімді қауіпсіз сезінемін.
- Маған жаман әдеттерді қалыптастырмаңдар. Бала кезімде жақсы-жаман, дұрыс-қатенің бәрін сіздерге сүйене айырамын.
- Маған жасыма лайық сөйлеңдер, болмаса әдейі ақымақ көрініп алуым мүмкін.
- Мен басқалардың алдында айыптамаңдар, әйтпегенде абыройым түсіп сендермен қарсыласып кетуім мүмкін. Жасырын ескерту жасаңыздар, мұның өнімі жақсы.
- Қателік жасасам қылмыс өткізгендей кінә тақпаңдар. Жақсы дүниелерге талпынысым жоғалып кетуі мүмкін.
- «Мен сендерге өшпін» деген сөзімді көңілдеріңе алмаңдар, менің өшескенім сіздер емес, сіздердің маған жүктеген бітпес ауртпашылықтар.
- Мені қанаттарыңның астына ала бермеңдер, көп дүниені өзім тындырғым келеді.
- Менің ұсақ-түйек ауыруларыма қатты назар аудармаңдар, маған күйінетіндеріңді білемін.
- Тоқтаусыз сөйлей бермеңдер, болмаса құлағым «керең» боп қалады.
- Берген уәделеріңді орындаңдар, уәде орындалмаса көңілім түседі, сендерге сенбеймін.
- Менің түсіндіруім жан-жақты болмаса да, мен көп дүниені біліп тұрам және ақылды боп кетем.
- Өте кішпейіл болуды талап етпеңдер, кейде қорыққанда өтірік айтуым да мүмкін.
- Мені басқарғанда бастан-аяқ бірқалыпты болыңдар. Мені күмәнға қалдырсаңдар, екінші сендерге сенбеймін.
- Мен сұрақ сұрағанда ептеп-септеп құтылып кетуді ойламаңдар, жауап беруден бас тартпаңдар, олай болмағанда сұрақ сұрауды тоқтатамын немесе жауабын басқа жақтан іздеп кетемін.
- Мен қорқып кеткенде мазақтамаңдар, өздеріңді менің орныма қойып көріңдер, сендер мендей кезде қандай болдыңдар екен?
- Өздеріңдікін мәңгі дұрыс, қателіксіз көрсетпеңдер, шындығында олай болмай шықса мен қатты үмітсізденемін.
- Менен кешірім сұрауды абыройымыздың түсуі деп ойламаңдар. Кішіпейілділікпен сұралған кешірім арамызды жақындата түседі. Менің сендерге деген құрметім артады.
- Әрқандай істі өзім сынап көруді қалаймын, сіздердің соған мүмкіндік берулеріңізді және оның нәтижесін бірдей айта салмауларыңызды сұраймын.
- Менің тез-ақ ержетіп кететінімді ұмытпаңдар, бірге есею барысы сіздерге қиын тисе де, сынап көрулеріңізді сұраймын.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: tengye.com
M. Auelkhan