- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ажырасқан әйелден отбасылы...
Ажырасқан әйелден отбасылы келіншекке кеңес
Үйлену мен ажырасу – ең үлкен иллюзия. "Үйленемін, сонда бәрі түзеледі", деп ойлайды жас қыздар. "Шіркін-ай! Ажырасап кеткенде барлық мәселелер шешіледі", деп ойлайды отбасылы әйелдер. Бірақ, шын мәнінде, адам өзін өзі іштей түземейінше, үйлену де, ажырасу да көмектеспейді. Тіпті, одан да көп мәселе туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл тұзаққа түспеу үшін мына кеңестерді оқыңыз.
"Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтылмаған. Алайда, кез-келген қиындықты жеңудің жолдар бар. Тек талпыныс пен сабыр керек. Қандай қиын жағдай болса да, отбасын сақтап қалу – әрқашан дұрыс шешім. Ол үшін не істеу керек?
Отбасында болып жатқан жағдайға сырт көзбен қарап, мойындаңыз. Көп жағдайда біз түймедей нәрсені түйедей көреміз. Ал кей жағдайда, маңызды мәселеге көз жұма қараймыз. Эмоциядан алшақтап, отбасыңызға сын көзбен қарап, баға беріңіз. "Эмоциядан алшақтап" деген сөзге ерекше мән беріңіз.
Өз ойңызды күйеуіңізге ашық айтып үйреніңіз. Еркер пен әйелдің ойлау қабілеті екі түрлі. Сондықтан, сізге ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді ашық айтып үйренген абзал. Күйеуіңізден гүл күтсеңіз, "Гүлжанның күйеуі оған гүл сыйлапты" деп тұспалдамай, "маған гүл сыйлағаныңды қалаймын" деп айтыңыз. Ия, бұл жерде еш романтика жоқ. Алайда, отбасын сақтап қалуда үлкен рөл ойнайды.
Сөйлесіңіз. Кез-келген мәселені келіссөз арқылы шешуге болады. Әйелдердің барлығы дерлік үндемей, бұртиып жүретін жаман әдеттен ада емес. Олардың ойынша, ренжіп қалған әйелін көрген еркек өз кінәсін өзі түсінуі керек. Алайда ол еркектің шынымен де кінәсі бар ма? Бұл бір. Сіз үндемесеңіз, еркек сіздің не нәрсеге ренжіп жүргеніңізді қайдан түсінсін? Бұл екі. Сол себептен, сөйлесіп үйренген дұрыс.
Ұнайтын нәрсемен айналысыңыз. Ұнайтын ісі бар адам – бақытты адам. Бақытты адамдар ренжуден аулақ болады. Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сол сылдыр басылғанша сүйікті нәрсемен айналыса тұруға болады. Көңіл көтеріліп, жаның тынышталып қалатыны сөзсіз.
5. Күйеуіңізді өзгертуге тырыспаңыз. Ащы шындық мынада: басқа адамды өзгерту сіздің қолыңыздан келмейді. Әр адам тек өзін өзгерте алады. Сондықтан, иллюзия әлемінде өмір сүрмеу үшін, келесі маңызды сұраққа жауап берңіз: сіз дәл осы адаммен (оның қазіргі мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, әдеттері, жағымды және жағымсыз жақтары, т.б.) өмір сүруге дайынсыз ба? Жауап "ия" немесе "жоқ" болу керек. "Ертең өзгереді ғой" деген тұжырым – ең үлкен қате! Өзгерсе, өзі қалағаннан өзгеруі мүмкін. Ал егер өзгермесе ше? Сондықтан, күйеуіңіз қандай болса, солай қабылдап үйреніңіз.
6. Ер адамдардың арасында шөп салатындар бар. Бірақ адал жандар олардан да көп. Үйден шыққан еркек міндетті түрде көзге шөп салудың амалын ойластырып жүр деген ой да қате. Көп жағдайда жұмыстан кеш келетін еркектер шынымен де жұмыс істеп келеді. Еркектердің айтуынша, олар да отбасынан айырылып қалатындай тәуекелге бас байлаудан аулақ жүргенді қалайды.
7. Күйеуіңізге сенім арта біліңіз. Көп жағдайда әйелдер өздері күйеуіне еркек болуға мүмкіндік бермейді. Барлық мәселелерді өзі шешіп, тіпті ер адамның рөлін ойнайды. Ал еркектер күшті әйелдердің жанында жылдам босаңсып, жалқауға айналады. Мысалы, күйеуіңізге ақша керек болса, қарызға ақша бермеңіз. Ер адамға олай көмектеспеген абзал. Өзі тауып, мәселені шешетініне сеніңіз. Өз сеніміңізді еріңізге көрсете біліңіз.
8. Күтініңіз. Кез-келген еркек көзбен жақсы көреді дегені рас. Әдемі киініп, әдемі көрінуге тырысыңыз. Бала бағу мен үй шаруасын бірге ұстаған қиын. Бірақ, шашты бәрібір түйіп қоясыз ғой? Сол түйіннің өзін бір рет мықтап, жинақы түйсеңіз, кешке дейін тұратыны сөзсіз. Әншейін түйе сала, жарты сағаттан кейін жан-жаққа шығып кеткен шаш еш әйелді тартымды қылмайды. Үйде кешкі көйлекпен жүру міндетті емес, бірақ тізесі шығып кеткен трико немесе май дақтары бар халат кигеннен кейін, күйеуіңіздің көңілі бөтен сұлу қыздарға неге ауады деген сұрақ қоймаңыз.
9. Бір нәрсені қайталай бермеңіз. "Миымды жеп қойды" деген сөзді әрбір еркектен естуге болады. Шынымен де, көп жағдайда әйелдер бір нәрсені мың рет қайталап, күйеуінің ғана емес, қоршаған адамдардың миын жеп қояды.
10. Әйел болыңыз. "Әйел" деген атаудың астарында қаншама сөз жатыр! Еркек пен әйелдің орны аусып кеткен заманда әйелдің де кінәсі бар. Әйел болудан қалған нәзік жандар ешбір еркекпен сыйыса алмайды.
@. @assel_assanova