Фильмде актер берілген рөлді барынша жақсы ойнап шығуға тырысады. Осындай түрлі рөлдерде ойнайтын атақты түрік актерлері шынайы өмірде қандай? Танымал түрік актерлерінің ішінен адал серік және қамқор әке болып жүргендерін ұсынамыз.
Халит Эргенч
Қандай фильмдерге түсті: «Сүлеймен Сұлтан», «Мың бір түн», «Вавилон».
Бір кездері Сүлеймен Сұлтанды ойнаған актердің өмірде құмарлығы экрандағыдан кем болған жоқ. 2006 жылы «Мың бір түн» романтикалық сериал түсірілімі кезінде Халиттің серігін жас актриса Бергюзар Корель (ол Халиттен 12 жас кіші) сомдады. Көрермендер өмірде актер мен актрисаның арасында сезім бар деп ойлады. Бірақ бір жылдан кейін 37 жастағы Халит бас қызға — Гизем Сойсалды есімді студентке үйленді. Тағы бір жылдан соң Бергюзарға үйлену үшін ажырасты. Халит әрқашан қатынаста адал болғанын айтады.
Жұрт ұзақ уақыт Бергюзар Корельге басқа отбасының ортасына түсуші ретінде қарады. Бірақ жұп өсек-аяңға мән бермейді. Ерлі-зайыптылар бақытты және үш баланы тәрбиелеуде: 12 жастағы Али, 2-жасар Хана және қарашада бірге толатын Лейла. Үшінші қызы дүниеге келгеннен кейін 52 жастағы актер жобалардан бас тарта бастады. Осылайша, ол көп уақытын отбасысына арнағысы келеді.
«Халит — әлемдегі ең қамқор әке және күйеу. Балаларымен көп уақыт өткізетін әкелер аз», - дейді Бергюзар. Жұлдызды отбасы Түркияда емес, Лондонда тұрады.
Бурак Озчивит
Қандай фильмдерге түсті: «Шымшық — ән салатын құс», «Қара махаббат», «Қалану: Осман»
Экранда ол әрдайым жақсы, романтикалық және тәрбиелі кейіпкерлерді ойнайды. 37 жастағы Бурак Озчивит өмірде де осындай мінсіз екен.
Бурак өзінің сұлу әріптесі Фахрие Эвдженге үйленді. Бастапқыда олар сериалдар («Шымшық — ән салатын құс», «Саған ұқсайтын махаббат») түсірілімдерінде ғашықтарды ойнады, одан соң бұл роман кадрдан тыс та созылды. 2017 жылы жұлдыздар үйленді, ал 2019 жылы олардың Каран есімді ұлы дүниеге келді.
«Ең бастысы, менің өмірімде мен үшін ең маңызды адам бар. Мұны ақшамен өлшеуге келмейді. Мен онымен кез келген сұрақ бойынша кеңескенді жақсы көремін, оның пікіріне сенемін», — дейді Фахрие.
Кыванч Татлытуг
Қандай фильмдерге түсті: «Курт Сеит және Александр», «Тыйым салынған махаббат», «Соқтығыс».
Кыванч Татлытугті түріктердің Брэд Питі деп те атайды. Бұлай атауының себебі — олардың танымалдылығы мен сырт келбетіндегі ұқсастықтар (екеуінің де көздері көк және шаштары сары). Кинода Кыванчқа әдемі және әйелдерге ұнайтын жігіттің рөлі тап болады, ал шынайы өмірде ол үлгілі күйеу статусына ие.
Айналасындағылар оны ұялшақ және қарапайым адам деп айтады. Бірнеше сәтсіз романнан кейін Кыванч өз бақытын тапты. Ол дизайнер — Башак Дизер. Олардың тойы 2016 жылы болды. Оның әйелі Кыванчтан 6 жасқа үлкен. 44 жасқа келген Башак ұзақ күткен сәбиін осы жылдың сәуір айында дүниеге әкелді. Олар ұлын Курт Эфе деп атады.
Толгахан Сайышман
Қандай фильмдерге түсті: "Көктегі махаббат", "Қызғалдақ маусымы".
Түрік киносының бұл жұлдызын елдің атақты сұлу қыздарымен қосатын. Бірақ ол үлгілі әкеге айналды. Нағыз "Түрік сұлтаны" 6 жыл бұрын албан моделі және актрисасы Алмеде Абазиге үйленді. Ал 2019 жылы 5 мамырда ұлы — Эфехан дүниеге келді. Содан соң 2021 жылы маусымда бұл жұптың Алина есімді қызы дүниеге келді. Бақытты әке өз сезімдерін ұстай алмай, өзінің парақшасында сезімтал жолдау жариялады: "Сенімен бірге менде мәңгі махаббат оянды. Қош келдің, менің ханшайымым — Алина. Сен бәрімізге қуаныш әкелдің".
Али Атай
Қандай фильмдерге түсті: "Түрік балмұздағы", "Күнәсіз".
46 жастағы актер де өз мұрагерін қатты жақсы көреді. Али Атай бірінші әйелі — балерина Эбру Джансизбен бірге 5 жыл болды. Бұл некеде бала болмады. Ал оның атақты актриса Хазал Каямен ("Тыйым салынған махаббат") қарым-қатынасынан ұл дүниеге келді. Оны Фикрет Али деп атады. Бұл оның 40-тан асқанда көрген ұлы. Сондықтан да ол көп уақытын отбасысына арнауға тырысады. Мүмкіндік болғанда ұлын жұмысқа да бірге алып кетеді. Баланың анасы да фильмдерге көп түседі, сондықтан бала түсірілім алаңында өсті десек те болады.
Ибрагим Челиккол
Қандай фильмдерге түсті: "Тек қана сен", "Ақ-қара махаббат", "Таңғажайып екілік".
Ибрагим өмірдегі өзінің басты рөлі — Алидің әкесі болғанға дейін актер 20-дан артық фильмдерге түсіп тастады. Бұл жұлдыздың атақты актрисаларымен бірнеше шулы романдары болды. Бірақ олардың бәрі сәтсіз аяқталды. Ал тыныш отбасылық бақытты ол архитектор — Мехра Мутлу есімді қызбен тапты.